15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкенттік сарбаздар Отан қорғаушылар күні толарсақтан саз кешуде

    Мақтааралдағы техногендік апаттың салдарын жою үшін Шымкент қаласынан келген 35748 әскери бөлімі өздерінің кәсіби мерекелерінде толарсақтан саз кешіп, қызыл су басқан аймақтан табылды.

    112 адамнан тұратын топты аталған әскери бөлім басшысының қаружарақ жөніндегіорынбасары, подполковник Рахматулла Тасполаев бастап келіп, су астында қалған елдімекендерді тазалау және халыққа көмекберу жұмыстарын жүргізуде.

    Жол талғамайтын 20 КаМАЗ техникасын алакелген әскери бөлім қызметкерлері менветеринарлық қызмет және әкімдік өкілдерімен бірге су басқан елдімекендер ішіне кіріп, аманқалған жанжануарларды, заттарды халыққа жеткізуге көмек беріп жатыр. Бұл техниканың мал шығынын есептеуде де рөлі үлкен. Әскерилер адам аяғы бара алмайтын жерлерге кедергісіз барып, табылған мал өлекселерінқұрғақ жерге тасуда. Соның дәлелі ретінде елдімекендерге топтоппен бөлінген сарбаздар күні бойы байлаулы тұрған бұзауды су құрсауынан аман алып шығып, ветеринар мамандарға табыстады.

    Бұдан бөлек, мамандар Атакент ауылындағыкөмек қолын қажет еткен қоймаларға барып жүктүсіруге де жәрдем беруде.

    Қызу жұмысқа кіріскен мамандар күні кешеӨргебас ауылында 10 жүк көлігіне тиелгенқұмды қапқа салып, ұзындығы 1,5 шқ болатындамба тұрғызды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова жаңа автобустарды табыстау рәсіміне қатысты

    Фариза

    Біз қазір қайда екенімізді білмейміз – Қытайдан келген студент

    Фариза

    “Жаңа Президент Тоқаевтың осындай жаңалықтарына қуанбағанда не істейсің?”

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.