2.2 C
Алматы
Сенбі, 29 Қаңтар 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Түркістан облысын апаттан көз ашпады: қатты дауыл 17 үйдің шатырын ұшырып әкетті(видео)

     

    Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Аққойлы ауылында дүлей дауыл тұрып, тұрғын үйлер мен қора-жайлардың шатырын ұшырып кетті Qazweek.kz 

    Жел екпінінің күшті болғаны соншалық, ағаштарды тамырымен құлатып, электр бағандарының сымдарын үзіп кеткен. Түскі сағат 3 шамасында соққан дауыл небәрі 5 минутқа созылған. Күн райы күрт өзгеріп, аспанға бұлт үйірілген. Артынша жұрт желден пана болар ықтасын іздеп, бас сауғалап кеткен. Көзді ашып-жұмғанша 17 үй шатырсыз қалды. Бір тәуірі, табиғат апатынан адамдар дін аман. Төрт түлік те түгел. Қазір ауыл тұрғындары бүлінген жерлерді бүтіндеп, орнын тазалауға кірісті. Аудан әкімдігінен арнайы штаб құрылды. Ал комиссия мүшелері апат шығынын есептеуде.

    Ғани ҚАЛМАХАН

    Похожие записи

    Сұмдық! Бір үйдің үш баласы суға батып кетті

    Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

    Фариза

    Жамбыл облысында тағы екі жарылыс болды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.