2.2 C
Алматы
Сенбі, 29 Қаңтар 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Ащы шындық неге айтылмайды?” Естір құлағы жоқ әкімдіктен қайыр таппаған Мақтаарал тұрғындары енді Тоқаевтан көмек сұрауда

    Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 15 елдімекенді су басып,  төтенше жағдай жарияланған болатын. Халықтың су апатының зардабын шегіп отырғандарына бүгін, міне, төртінші күн. Президент тапсырма бергенімен, Облыс әкімі барып, барлығын реттейміз, көмектесеміз деп сендіргенімен, тұрғындардың әлі күнге арызы басылар емес. Құрғақ уәдені беріп кетті тек, ал шындығына келгенде, сақтану шаралары мен керектің бәріне өзіміз жүгіріп жатырмыз дейді ашынған ауыл тұрғындары.

    Бүгінгі жаңалықтар бойынша, су басқан, сонымен қатар, су басу қаупі бар аймақтардан 31 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жоспар бойынша панасыз қалған ауыл тұрғындарын мектептерге орналастыру жұмысы жүргізілуі керек еді. Дегенмен, күннің ыстығында далада барар жер таппай, тіпті кішкентай сәбиге дейін далаға паналап жүргендерін әлеуметтік желідегі видеолардан анық көруге болады. Сондай-ақ апаттан қашып, туысқандарын жағалауға Шымкент қаласына барған тұрғындарды Шымкент қаласының блок-постынан карантин деп өткізби қойған.

     

    Су басып, қираған үйден жан сауғалап, бірде-бір керегін алып үлгермеген халық қанша малынан да айырылып отыр. Ал аман қалғандарының өзін алып шығуға ешкімнің көмек беріп жатқан жоқ екендігін, суды кешіп, амалдарының жоқтарынан өзідері айдап шыққандығын айтуда.

    Қанша Президент көмектесеміз десе де, Облыс әкімі реттейміз деп уәде берседе, ақпарат құралдарынан көмек қолын созып жатыр деген ақпараттар тараса да, мақтаралдық су басқан өңір тұрғындардың бүгінгі шынайы бейнесі осы. Көмек беріліп жатыр, бірақ, үкіметтен емес. Халықтың мына күйіне бей-жай қарай алмаған басқа өңірдің тұрғындары оларға барынша азық-түлікпен болсын, басқа да керектеріне көмектесіп жатыр. Дегенмен, бұл қанша уақытқа созылады? Көмек, әсте, халықтан емес, биліктен болуы керек емес пе еді?

    Ал жағдайды бақылауға барған облыс әкімі болса, “Ешқандай шығын жоқ”, – деп мәлімдепті. Су астында қалған 3600 га жер,  су астында қалған 15 ауылдың қираған үйі, 404 миллион тенге, бұл су апатынан келген шығын көлемі. Сондай-ақ 6000 мал эвакуацияланды, ал суға ағып өлгендері қаншама, кім білсін.  Қанша үйдің қирап, бүкіл мүлкінен, барынан айырылған халықтың маңдай тері мүлде шығынға ұқсамаған көрінеді әкім мырзаға.

    Су басу қаупі төнетінін алдын ала сезген халық көшуге ыңғайланғанымен, оларға ешқандай қауіптің жоқ екенін айтып, көшудің керек жоқ екендігіне сендіргенін айтады. Соған сенгеннен кейін, жайбарақат оытрғанын, айтпесе, көлікпен барынша керек заттарын алып шығуға мүмкіндіктері болғандығын айтады. Дегенмен, биліктің бұл сөзіне сенген халық енді екі тізелерін құшақтап қалғандарын айтып ашынуда.

    Жан айқайын естіте алмай ашынған халық ендігі үміттері тек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевта екендігін айтуда. Тоқаевқа арнайы үндеу жасап, жағдайды жеке бақылауына алуды сұрауда.

    Бұл екі мемлекет арасындағы өте үлкен мәселе. Өйткені апат айтып келмейді. Дегенмен, апаттың пайда болғанына  4 күн болды. Осы уақытқа дейін тоқтаусыз ағып, ауылды басқан су бүгін ғана тоқтады. Осы уақытқа дейін тоқтаусыз су ағып келді. Сонда Өзбекістан мемлекеті су апатын Қазақстанға ескертпегенімен қоймай, осы уақытқа дейін суды тоқтатпай келгені ме?

    Ал бүгін Облыс әкімі Өзбекістан мемлекетіне осы мәселе бойынша шешім қабылдауға кетті. Дегенмен, әлі күнге ешқандай ақпарат жоқ. Екі елдің арасындағы бұл күрмеуі қиын мәселе қалай шешілер екен?

    Табиғаттың айтып келмейтін, адам күші жете бермейтін бұл апат қанша адамды есеңгіретіп тастады. Дегенмен, мәселенің шешімі де болуы керек. Ауылдың асты минералды суға ьолы болғандықтан, бұл су өздігінен жерге сіңіп кетпейді. Сондықтан, шешімнің бірі ретінде билік арнайы канал қазуды ойлап отыр. Бірақ, каналды қазу үшін ұзақ уақыт кетеді. Егер бұл жоспарды қолға алатын болса, онда халық осы күніне әдеттене беруі керек деген сөз.

    Жұмыс атқарылып, бәрін керекмет көрсету, әрине, жақсы. Дегенмен, мүндай көзбояушылықтан халықтың жағдайы жақсарып кетеді ме? Жанайқайын айтып шырылдаған халықтың үні неге тек әлеуметтік желілерде ғана естіледі. Естуі міндетті биліктің құлағы қайда? Шыған жоқ дегенше, ащы шындық неге айтылмайды?

    Фариза Жомартқызы

    Похожие записи

    Астанадағы Наурыз мерекесіне 300 мыңнан астам адам қатысады

    Қарағанды облысында сәбидің үстіне 6 литр ыстық су төгіліп кетті

    Фариза

    Ұйғыр ауданындағы кикілжіңге байланысты “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.