9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оңтүстікке жұмыссапарымен келді. Сапар аясында Шымкент пен Түркістанқалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымнысандарының құрылыс барысын тексерді.

    Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейінсалу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушынықұрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылартерминалының құрылыс барысы туралы баяндалды.

    Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралықәуежайдың және оған апаратын автомобиль жолыныңқұрылыс қарқынымен танысты. Нысан облыс орталығынан16 шақырым жерде орналасқан және биылғы қыркүйекайында пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілетіжылына 3 млн жолаушыны құрайды деп көзделген.

    А. Мамин Конгресс-холлдың, 7 мың орынға шақталғанстадионның, Оқушылар сарайының, бассейні бар спорт кешенінің, аттракциондары бар қала саябағының, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, «Ұлыдала елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің жәнеТұңғыш Президент саябағының құрылыс алаңдарындаболып, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттықорталығының ғимаратын реконструкциялау барысынтексерді.

    Үкімет басшысы әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын «RixosTurkestan» және «Hampton by Hilton» қонақ үйлерінің, сондай-ақ «Sembol construction» түрік компаниясы салыпжатқан «Керуен сарай» көпфункционалды туристіккешенінің құрылысы барысымен танысты. Аталған барлыққонақ үй-туристік нысандарын осы жылы пайдалануға беру жоспарда бар.

    Сапар аясында Премьер-Министрге «Әзірет Сұлтан» музей-қорығын абаттандыру жоспары да таныстырылды.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    АБАЙ АУДАНЫНДА 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ РАУШАН ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

    Фариза

    98 баптан тұратын Конституциямызда ұлтты қорлайтындарды жазалауға арналған бір заңның болмағаны ма?

    Фариза

    Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді

    Пікір қалдыру

    5 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.