15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Дін Карантин

    «Бақара сүресінен кірпік шығады, соны қайнатып ішсе, вирусқа ем болады» деген сөз қаншалықты рас?

    Исламда екі түрлі емдеу шарасы бар:

    1. Медицина жолымен емделу. Бұған хижама жасату, қара зере ішу сияқты тәжірибемен дәлелденген сахих хадистердегі кейбір ем-дом шараларын да жатқызсақ болады. Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у) бір  бәдәуи: “Уа, Алланың Елшісі! Науқастансақ, емделейік пе? – деп сұрағанджа, Ол (с.а.у): “Әрине, Ей Алланың құлдары, ауырсаңдар емделіңдер! Кәріліктен басқа барлық ауруға ем бар”, – деп жауап берген.
    2. Құран аяттары мен Пайғамбарымыз үйреткен дұғалармен дем салу арқылы емделу. Құран Кәрімде былай делінеді:

    “Біз Құраннан шипа болар әрі мүміндерге рахым болар (аяттар( түсіреміз. Залымдардың болса, тек шығынын арттырамыз”.

    Ендігі жерде, кірпікті қайнатып ішу медицинада айтылмаған. Оның растығын анықтау медициналық зерттеуді қажет етеді. Дінде де “кірпікті қайнатып ішу деген нәрсе жоқ.

    Дінімізде аян немесе түстен үкім шығарылмайды. Түстегі айтылған дүниелер көбіне иесіне ғана қатысты болып келеді.

    Тоқ етерін айтқанда, Құран парағынан табылған кірпікті ем үшін ішу деген нәрсе – шындыққа жанаспайтын, ақылға да, нақылға да теріс сөз.

    Дереккөз: Islam.kz

    Похожие записи

    “Ұялудың жөні жоқ” Интимді сауалдарға жауап берген хиджабтағы әйелді жұрты жерден алып, жерге салды

    Фариза

    “Балаларымыз мектепке дейін орамалмен барады, мектептің жанында шешеді” Хиджап дауы тағы да көтерілді

    “Біз секілді Қазақстан азаматтарының көбі өліп қалды…” – Сирияда соғысқан қазақ шынын айтты

    Пікір қалдыру

    18 − 12 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.