2.2 C
Алматы
Сенбі, 29 Қаңтар 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    “Асылып өлген баладан, вирус шығару кімге тиімді?” Түркістан қаласының әкімдігі мәйітке таласып жатыр

    Коронавирусқа байланысты тағы да дау шықты. Бұған дейін коронавируспен қайтыс болды деген адамның туыстары дүнеден өткен бауырларының басқа аурумен ауырғанын, коронавирус болмаған жағдайда да оның қайтыс болатынын айтып, бірақ биліктегілердің мәйітті коронавируспен ауырған деп мәлімдеп, қоярда-қоймай арнайы орынға жерлегені туралы айтып шағымданған болатын. Ал бүгін дәл осындай мәселе Түркістан облысында орын алды. Асылып қайтыс болған баланы әкімдіктегілер коронавирустан қайтыс болды деп, денесіне таласуда. Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында әшкереледі, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Мәйітке талас!

    Түркістан қаласының әкімдігі мәйітке таласып жатыр!
    Туыстарының айтуынша жігіт асылып қайтыс болған. Тергеушілердің берген анықтамасы да бар екен қолдарында. Алайда Түркістан қаласының әкім орынбасары жігітте корона вирус бар, “мәйітті біз алып кетеміз”- деп мазалап жатыр екен.
    Әкімдіктің көрсеткен анықтамасын көрсең, департамент атауы жоқ, мөрі жоқ жәй А4 парақ! Ондай дүниені мен де жазып ала саламын!
    Асылып өлген баладан, вирус шығару кімге тиімді?
    Кеше Алматыда 97 жастағы әжені түске дейін вирустан өлді деді, түстен кейін қателесіпті деп шығарды!
    Енді мен де сұрақ Біртановқа!
    Өлік санын көбейте алмай жатсыздар ма?
    Жоғарыдан келген тапсырама депті әкімдік қызметкері қайтыс болған жігіттің туысқанына!

    Жоғарыдан не тапсырма келді?
    Сосын неге берілген анықтамада мемлекеттік рәміз, жауап беруші департамент атауы жоқ! Неге мөр жоқ?
    Осы сұрақтың бәріне жауап беріңіздер, халықты жынды қыла бермей!?
    Халық бұрыңғыдай ақымақ емес!

    Суреттегі анықтама Астана тергеушілері берген!

    Похожие записи

    “Мұндай Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі” – саясаттанушы

    Аса маңызды сәт туды – Бақытжан Сағынтаев Алматы тұрғындарына үндеу жасады

    Фариза

    Алматыда “Ақкент” тұрғын үй кешені карантинге алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.