11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеге өтініш қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

    Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтініш қабылдау әкімдіктер өтінім қабылдайтын арнаулы жүйені іске қосқан соң басталады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

    Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі биыл 18 сәуірінде бекітілді.

    Бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтініштерді қабылдайтын арнаулы жүйені дайындағаннан кейін ол туралы жергілікті халыққа хабарлайды.

    Мүмкіндігінше 15 мыңда төлеу қысқа мерзім ішінде іске асады. Сондықтан өтініш беру үшін әкімдіктерден тиісті ақпаратты күту қажет.  Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет. Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады.

    Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсынуы керек.

    қатысты посттар

    Риддерде үш баланың анасын аяусыз өлтіріп кетті

    Фариза

    Жолды жауып тастаған “қара кортеж” иесі елордалықтардан кешірім сұрады (видео)

    Фариза

    “Үлгі аларлық челлендж” Айдын Рақымбаев дәрігерлерге 100 млн теңге бөлді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.