9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО іске қосылды

    20 сәуірден бастап Алматыда шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. ХҚО мекенжайы: Шұғыла ш.а., 347/1.

    Бұл шешімді Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Комиссия 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын жандандыратын қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Оған сәйкес оңтүстік астанада заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО-ны ашу туралышешім қабылданды.

    Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-16.00 аралығында кәсіпкерлер ХҚО-да бизнестіжүргізумен байланысты қызметтерді, соның ішінде жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркейалады. Оларға қызмет көрсету үшін фронт-офисте 20-ға жуық маман жұмыс істейді.

    Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауүшін ХҚО тек Алматы әкімдігінен алдын-алаберілген, несиелендіру бойынша оң шешім алғанұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді.Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттікқызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді.

    Санитарлық-эпидемиологиялық режимдісақтау мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері маскалармен, қолғаптармен, антисептиктермен қамтамасыз етілген. ХҚО-ға барушылар бетперде кию тәртібін сақтаулары шарт.

    қатысты посттар

    ЛОНДОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР. КАРИНА БЕКТҰР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУ ЖАЙЫНДА

    Ақтауда СОБР халық жағына өтіп кетті

    Фариза

    Польшада «Абай» атындағы жастар орталығы ашылды

    Пікір қалдыру

    19 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.