10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

    Президентттің жарлығымен Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    “Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы” президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын”, – делінген президенттің жарлығында.Тоқаев үкіметке орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Төтенше жағдай режимі

    Қазақстанда коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай режимі президенттің жарлығымен 16 наурызда бір айға енгізілген еді.

    Еске сала кетсек, 13 наурызда алғашқы вирус жұқтырғандар туралы хабарланды. Содан бері елімізде күнде дертке шалдыққандар анықталуда. Әуелі Нұр-Сұлтан мен Алматы, кейін басқа өңірлер мен қалалар карантинге жабыла бастады.

    Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1179 адамға жетті. 142 адам сауығып шықса, 14 науқас көз жұмды.

    қатысты посттар

    Қырғыз елі Қазақстанның үстінен Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді

    Фариза

    “Жаңа Конституция керек”. Түрмеден шыққан Макс Боқаев алаңда билікке талабын айтты

    Фариза

    “Ащы шындық неге айтылмайды?” Естір құлағы жоқ әкімдіктен қайыр таппаған Мақтаарал тұрғындары енді Тоқаевтан көмек сұрауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.