12.40. Коронавирус жұқтырғандар саны – 859

  • Нұр-Сұлтан – 231;
  • Алматы – 137;
  • Қызылорда облысы – 116;
  • Ақмола облысы – 61;
  • Қарағанды облысы – 62;
  • Атырау облысы – 59;
  • Жамбыл облысы – 46;
  • Түркістан облысы – 35;
  • Шымкент – 33;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
  • Ақтөбе облысы – 11;
  • Алматы облысы – 10;
  • Маңғыстау облысы – 9;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6;
  • Батыс Қазақстан облысы – 6;
  • Павлодар облысы – 9;
  • Қостанай облысы – 3.

Жазылғандардың жалпы саны – 64.

Көз жұмғандар – 10.

12.42 – Алматыда бүгін тіркелген 14 науқастың 12-cі – медицина саласының қызметкерлері (2 дәрігер және 10 медбике).

Алматыдағы 80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 7 адам ауыр халде жатыр.

12.40 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 19 адам тіркелді: Нұр-Сұлтан – 2, Алматы – 9, Шымкент – 2, Қарағанды облысы – 1, Павлодар облысы – 5.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 859 адам анықталды.

12.22 – ҚР Білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған дайындық тестілерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 нұсқасы ұсынылған.

10.39 – Алматы қаласында бүгін тіркелген 5 адам бұрынырақта вирус жұқтырғандармен байланыста болғаны анықталды. Екі ер адамның жағдайы полисегментальды пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланып отыр.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында 8, Арал ауданында 2 және Қазалы ауданында 1 адам тіркелді.

Атырау облысындағы 11 адамның барлығы карантинде оқшаулауда болғаны анықталды.

10.00 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 28 адам тіркелді:

  • Атырау облысы – 11;
  • Қызылорда облысы – 11;
  • Алматы – 5;
  • Нұр-Сұлтан – 1.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

ДСМ жедел желі номері: 1406