15 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Мұхтарды жоқ қылып жібермесе екен

    Мұхтар Жакишевтің эфирі болды. Бір мезгілде 2900 адам қарап отырды. Негізгі ойлары:

    1. Денсаулығыма байланысты күніне 2 сағат қана жұмыс істей аламын.

    2. Елдегі экономикалық жағдайға қатысты толық ақпаратым жоқ. Сондықтан белгілі бір сараптама жасаудан аулақпын. Мен өмір бойы ақпаратым толық емес салаларда пікірімді білдірген емеспін.

    3. Атом электр станциясы Қазақстанға керек. Бізге қуат күші 300 мгб атом станциясы қажет.

    4. Атом станциясының жұмыс істеу мерзімі орта есеппен 60 жыл. Бұл тұтынушыға арзан электр қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.

    5. “Эфирге шықпаңыз, “Нұрботтар” әртүрлі сұрақ қояды” дегендерге айтарым мен сондай өмірлік тәжірибеден өткен адаммын мені белгілі бір комменттермен ойымнан айныту қиын.

    6. Менің жақсы көретін ісім – жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындар құру.

    7. Карантин кезінде барынша қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн. Асқынып кетсе біздің медицинаның шамасы жетпейді әрі экономикаға зияны да артады.

    8. Вирусты белгілі топтар вакцина сату үшін немесе басқа мақсатта әдейі шығарды деп ойламаймын. Бұл аураудан бүкіл әлем экономикасы ең үлкен зардаптар мен шығындарды көріп жатыр.

    9. Бұл кризис 2008 жылы болған кризистен де ауыр болады. Себебі тек мұнай бағасы түсіп жатқан жоқ. Экономиканың қызмет көрсету, шағын және орта бизнес салалары тоқтап жатыр. Олар бюджетке салық төлемегенімен қоймай, мемлекеттің қолдауына да мұқтаж.

    Жалпы алғанда бір деммен тыңдап шықтым. Құрметім артты. Білімді. 11 жыл түрме сындырмаған. Рухты.

    Эфирін көріп отырып қоғамға жаным ашыды. “Қазақша сөйлемеді”, “Түрмеден джиппен шықты” деген қоғам бұл генийді де бағаламайды-ау. Қор қылып жібермесе екен деген ой қайта-қайта ойыма келе берді. Білімі көп қазақты он орап алатын, 11 жыл түрмеде отырса да сынбаған тұлғаны алдағы уақытта балағынан тартып, әр жерден бір үріп, жоқ қылып тастамаса екен біздің қоғам. Өте нашар қоғамдық деңгейдеміз біз қазір. Шыны осы.

    Дереккөз: adyrna.kz

    қатысты посттар

    Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда халыққа үндеу жолдайды

    Фариза

    Айдос Үкібай: Елбасы өзіне ескерткіш орнатуды мүлдем ұнатпайды

    Фариза

    Ақтоты Райымқұлова отставкаға қашан кететінін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.