7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    Медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі – министр

    Коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болған медицина қызметкеріне 10 миллион теңге беріледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, егер медицина қызметкерлері қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде жәрдемақы беріледі”, – деді министр “Хабар 24” телеарнасында өткен онлайн-брифингте.

    Мұның алдында Абаев карантин режимінде жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлер жұмыстың қауіпсіздігіне қарай үш топқа бөлінетінін және осы үш топтың алатын үстемақысын атағанболатын.

    қатысты посттар

    БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Мұхтарды жоқ қылып жібермесе екен

    Фариза

    Бекшин коронавирустың төртінші толқыны туралы мәлімдеме жасады

    Фариза

    Өзбекстан Сардоба су қоймасын саларда Қазақстанның келісімін алған жоқ – министр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.