9 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    Жедел жәрдем қызметкерлері коронавирусқа шалдыққан әйелді өмір сүру мүмкіндігінен айырды. Билік індетпен осылай күрессе, халықта не үміт бар?

    Күні кеше елімізде коронавирустан 64 жастағы әйел адам қайтыс болды. Соған орай әлеуметтік желілерде аурухана қызметкерлерінің коронавирусқа шалдыққан әйелге дұрыс қарамағанын айтып шулауда.

    Facebook әлеуметтік желіде қайтыс болған әйелдің жақындары аурухана қызметкерлеріне жан айқайын жеткізіп, оған тиісті түрде көңіл бөлмеген айтып шырылдауда.

    https://www.facebook.com/100003780172708/posts/1849794931823161/?d=n

    Видеода әйелдің баласы 22 наурыз күні оның жағдайының нашарлағанына қарамастан үйіне қайтарған, ал 23 наурыз күні тексеруге келген аурухана қызметкерлері қарапайым дәрілерді беріп қана кеткен. Ал 25 наурыз күні оның жағдайы күрт нашарлап кетті. Содан кейін ғана оны ауруханаға жатқызды. Ол қайтыс болғанша, оған тіпті нақты диагноз да қойған жоқ. Тек үйге мәйітін әкелгенде ғана оның коронавирустан қайтыс болғаны туралы айтты дейді.

    Дәл осы жағдайды журналист Ирина Советжанқызы да өзінің инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, биліктің коронавируспен күресіп жатқаны осы ма деген сұрақ қойды.

    Расында, онсызда үрейі қашқан халық коронавирустан болған еліміздегі алғашқы өлім үрейлерін одан сайын арттырды. Ал мына әлеуметтік желідегі тараған видедан кейін тіпті кімге сенерлерін де білми отыр.

    “Жай ғана қарап қана қоя салатын нәрсе емес. Бүкіл әлем күресіп жатқан мұндай кеселге бұлай салғырттық танытқаны қалай. Коронавирустан халықты осылай қорғамақшы ма”, – деп халық ашынуда.

    Естеріңізге сала кетсек Нұр-сұлтан қаласында Қосшы өңірінде қайтыс болған 64 жастағы әйел Алматыға құдалыққа барып келген.

    қатысты посттар

    “Қуаныш пен күлкіге уақыт жоқ…” – Қасым-Жомарт Тоқаев

    78 жастағы қарияны ұрып-соққандар емін-еркін жүр. Полиция оларды қамауға алмаған

    Фариза

    “Тоқаевтан батыл да, шұғыл түбегейлі реформаны талап етейік…”

    Пікір қалдыру

    fifteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.