12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    “Шенеуніктердік коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат медициналық құпия болып саналады”, – Дәурен Абаев

    Ақпарат және қоғамдық даму министрінен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың арасында жоғары лауазымды шенеуніктердің бар-жоғы сұралды. Ал ол Қоғамдық денсаулық сақтау кодексіне сілтеме жасай отырып, бұл ақпаратты жария етуге құқығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    «Бұл ақпарат медициналық құпия болып табылады және оны жария етуге құқығымыз жоқ», – деді Дәурен Абаев.

    Сонымен қатар, кімнің ауырып жатқаны маңызды емес екенін атап өтті. «Ең бастысы, сауығып кетсе болды», – деді министр.

    Сондай-ақ, қазір билік Қазақстанда төтенше жағдай қашан аяқталатынын нақты айта алмайды.

    «Дәрігерлердің екертпелерін неғұрлым дұрыс орындасақ, жағдай соғұрлым тез қалпына келеді. Науқастардың саны көбейіп, содан кейін барып төмендейді деп күтілуде. Бір айдың көлемінде деп үміттенеміз», – деді Дәурен Абаев, Орталық коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте.

    қатысты посттар

    Мен көрген жауыздыққа шыдамай келген екі қандасымызға қолдау көрсетейік – Сайрагүл Сауытбай (видео)

    Фариза

    Біздің елдің басшылары сауда орталықтарымен алысып жатқанда, басқа елдер мешіттерін жауып жатыр

    Фариза

    “Өсек таратуды доғарыңыздар. Мен сіздерге дүнген ретінде айтамын…” – Мәжіліс депутаты Қордайдағы қақтығысқа байланысты ағынан жарылды

    Пікір қалдыру

    nine − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.