12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус Қоғам

    Алматыда тұрғын үйлер карантинге жабылды

    Алматы қаласында “Сұңқар” тұрғын үй кешенінен бөлек Медеу ауданында тағы үш тұрғын үй карантинге жабылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарвт агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматыда коронавирусқа байланысты тағы үш көп қабатты үй карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

    Кеше қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласында коронавирусты жұқтыру ошақтары бар екенін айтқан болатын.

    “Басты міндет – ауруды жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, вирустың қалада таралуына және оның басқа өңірлерге шығуына жол бермеу”, – деді Бабақұмаров.Таңертең “Сұңқар” тұрғын үй кешеніне карантин енгізілгені хабарланды. Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде он бір көп қабатты үйде коронавирус жұқтырған адамдар тұрады деген ақпарат тарады. Ішінде коронавирус ошағы болып саналатын төрт тұрғын үй бар.

    Ержан Бабақұмаров “Сұңқар” тұрғын үй кешенімен бірге тағы үш көп қабатты үйдің карантинге жабылғанын растады.

    “Олар Достық, 42; Достық, 42а; Қабанбай батыр, 68 мекенжайында орналасқан. Барлық аула қоршалып, төрт бақылау-өткізу пункті орнатылды”, – деді Бабақұмаров.Сондай-ақ, жұқтыру ошақтары мен олардың нақты саны туралы ақпаратты кейінірек жіберетінін айтты.

    қатысты посттар

    Алматыда коронавирус жұқтырған екі жаңа науқас карантинде болған

    Фариза

    Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

    Фариза

    Экс-депутат тағы да төсін жалаңаштап шықты

    Пікір қалдыру

    ten + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.