9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Халық енді ғана сенім артқан Президент орнынан кете ме? Тоқаевтың соңғы жазбасы нені білдіреді?

    Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Президент қызметін атқарғанына 1 жыл толды. 1жыл бұрынғы дәл осы күні елімізді 30 жылға жуық басқарған тәуелсіз Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатып, уақытша билікті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолына табыстаған болатын. Міне, содан бері 1жыл өте шықты. Көзді ашып жұмғанша зымырап өткен уақыт ішінде ел ішінде айтарлықтай, ауыз толтырып айтатын жаңалықтар көп болды. Ендеше, Qazweek.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қандай қиындықтарды өткерді, қандай өзгерістер орын алды, назарларыңызға ұсынатын болады:

    1. Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң қабылдады:

    “Жаңа заң бойынша зорлау орташа ауырдан ауыр қылмыс қатарына ауыстырылады. Бұл бап бойынша тараптардың ымыраласуына жол берілмейді. Балаларға қатысты жасалған зорлау қылмысы аса ауыр қылмыс деп танылады. 14 жасқа дейінгі балаларды зорлағандарға 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Балалардың мамандандырылған мекемелерінде тәрбиеленушілерге қатысты жыныстық зорлық жасалғанын жасырған қызметкерлер мен басшыларға қатысты жаза да қатаяды. Зорланған балалардың ата-анасы мен қамқоршыларына да осындай жауапкершілік қарастырылады”, – деп көрсетілді аталған заңда.

    2. Арыстағы жарылысқа байланысты қатаң бақылаулар жүргізіп, тұрғындардың қайта ес жиуына көмектесті.

    Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың жазында Түркістан облысы, Арыс қаласында, әскери базадан өрт шығып, ондағы снарядтардың жарылып, атқылауынан бүкіл қала зардап шегіп, тұрғындар қаланы тастап қашуға мәжбүр болған болатын. Баратын жер таппай бас сауғалаған тұрғындарға Тоқаевтың өзі келіп, басу айтып, мемлекет тарапынан барынша жағдай жасауға уәде берді. Жарылыс басылысымен-ақ Президент тапсырмасымен бүкіл үй қайта қалпына келтіріліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Арыс қаласының әр тұрғынана 100 мың теңге көлемінде ақшалай көмек берілген болатын.

    3. Жемқорлықпен күрес

    28 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев парамен ұсталған қызметкерлердің басшыларын да жауапқа тартатын заңға қол қойды.

    Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, енді “мемлекеттік қызметкерлер: министрлер, олардың орынбасарлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары өздеріне тікелей бағынатын қызметкерлері парамен ұсталса, отставкаға кетуге арыз жазуы тиіс”.

    4. Семей қаласына тарихи атау берілді

    “Менің шешімім бойынша Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі берілді. Бұл жәй атау емес. Соның аясында осынау тарихи қаланың тұрғындары Үкімет тарапынан өздеріне көңіл бөлініп жатқанын нақты сезінуі керек”, – деді президент.

    5. “Жусан” операциясы бойынша Сирияға мен Иранға кеткен 562 отандасымызды елге оралтты. Оның ішінді. 390-ы балалар.

    6. Президент қызметіне ресми түрде кіріскен күні Астана қаласының атауын бірінші Президент Нұрсұлтан Әбішұлының құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертті.

    7. Стипендия көлемін ұлғайтты

    Университет және колледж студенттерінің, сондай-ақ магистранттар мен доктаранттардың стипендия көлемін 25% көбейтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің де жалақысын арттырды.

    8. 2019 жылдың 26 шілдесінде Тоқаев Нацбанкке тапсырма беріп, халықтың 300 мың теңге кредитін кешіру туралы тапсырма берді. Мемлекет бюджетінен 105 миллиард ақша бөлініп, 5 миллионға жуық қазақстандықтың кредиті кешірілген болатын.

    9. Шағын және микробизнес иелерін мемлекеттік қолдау мақсатында 3жылға салықтан босатуды тапсырды.

    10. Зейнетақы қорындағы жиналған ақшаны үй алуға жұмсай алуы үшін тапсырма берді.

    11. Сондай-ақ шетел азаматтарына жалға жер беруге тыйым салды.

    12. Қордайдағы ұлтаралық қақтығыс

    Жуырда, Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнгендер мен қазақтар арасында ұлтаралық қақтығыс туындаған болатын. Тұрғындардың үйлері өртке оранып, 8 адам ажал құшқан болатын. Дәл осы жағдайда бірінші болып тіл қатқан Тоқаев болатын. Ол өзінің твиттердегі парақшасында доқиғаны барынша бақылауда ұстап, қалыпқа келтіруге, сондай-ақ кінәлілерді ұстау туралы жауаптыларға тапсырма беріп, жағдайды юақылауында ұстай алмаған басшыларды жұмысынан босатқан болатын. Ал біраз уақыт өткеннен кейін Тоқаевтың өзі оқиға болған орынға барып, Қордай ауданының тұрғындарының хал-ахуалымен танысып, дүнгендерге қазақша үйренуге тапсырма берген болатын.

    13. Биыл Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап тарихында бірінші рет бүкіл
    Қазақстандық карантинге қамаған өте қауіпті вируспен бетпе-бет келді. Коронавирус елге кірісімен-ақ Тоқаев шұғыл тапсырма беріп, барлық шет елдерге шығатын шекараларды, сонымен қатар, коронавирустың таралу аймағы болып саналатын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын карантинге жауып, халықты барынша аталған вирустан сақтауға көңіл бөлуде.

    14. Тоқаев басшылар мен халық арасында ашық диалог құру мүмкіндігін жүзеге асырды.

    Дәл осы жерде Тоқаев пен Назарбаевтың үлкен айырмашылығы байқалады. Ішкі жағдайда қандай да бір қиын жағдай туындаған кезде Назарбаевтың осы уақытқа жейін тіл қатып немесе кінәлілерді орнынан алып, жаза қолданғанын көрген емеспіз. Тіпті, өзі тұратын Елордадағы бүңіл қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған бес бүлдіршін өртке оранып ажал құшқанда да Нзарбаевтың оларға тіл қатып, көмек қролын созғанын байқамады. Ал Тоқаев болса, өзі айтқандай халық арасында қандай қиындық туындайды, қандай арыз-шағым түседі, бірден өзі іске кіріседі. Тіпті, оның кішкентай ғана мектеп оқитын оқушының сабақтың қиындығына байланысты айтқан шағымымен, дүнген баланың жолдаған видеоүндеуіне мәдениетті түрде жауап бергенін қалың көпшілік көрді.

    Атап өткен жағдайлар, бұл 1 жыл ішінде атқарылған істердің бастылары ғана. Қиындық пен қуанышы қатар өткен 1жыл ішінде, расында да, халықтың басына көптеген ауыртпалықтар түссе де, еңсесін түсірмеген жұртшылық елмен бірге күресіп келеді. Тоқаевтың реформасы әсерінен көптеген қуантарлық жаңалықтар да болды, халықтың наразылығына ұшырағандар да болды. Енді алдағы уақытта ел басшысынан халық тек әділдік пен қуантарлық іс-әрекет күтеді.

    Дегенмен, кеше Тоқаев өзінің твиттердегі жазбасында Президент қызметін қолын алғанын бір жыл толуына орай жазба қалдырған болатын. Аталған жазбада ел тізгінін қолына алу мәртебесі бұйырғанын, осы уақытқа дейін көп жұмыстар атқарылғанын ғана жазып тоқталған. Ал бұдан әрі қарайға жұмысы немесе мақсаты туралы мүлде сөз жоқ. Халықтың енді ғана үміті оянып, Президентке деген сенімі ұянып келе жатқанда, халық оның Президенттік орнынан кете ме деген үреймен сұрақ жаудыруда. Расында, әдетте, басшылар өздерінің алдағы жоспарларымен бөлісіп, халықпен бірге болатынын айтып өтетін еді. Ал Тоқаевтың бұл жазбасы расында да түсініксіз жағдай болып тұр.

    қатысты посттар

    Шеруге шықпақ болғандарды полиция ұстап, алаңда күзет күшейді

    Фариза

    Сенат Елбасының өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жоюды мақұлдады

    Фариза

    Экс-президенттің қызының адам шошырлық қылмыстары әшкере болды

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.