12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Шұғыл ақпарат! Баланы ата-әжемен қалдыру сіздің ата-анаңыз үшін қауіпті

    Қытай зерттеушілері балалардың коронавирусты жұқтырғанымен, оларда аурудың белгілері бола бермейтіндігін айтты. Көбінесе кішкентай балалар вирусты тасымалдаушы болады екен, деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Мамандар 2 айлық нәрестеден бастап 15 жастағы жасөспірімдер арасындағы коронавирус дерті анықталған балаларға тексеріс жүргізіп көрген еді. Нәтижесінде, 10 балада ғана 1,3% коронавирус диагнозы қойылды. Ал олардың бірде-біреуі бұл кеселмен ауырмаған. Ең жоғарғы температура 39 гардустан аспаған.

    Ғалымдардың пікірінше, балалар жөтел, мұрын бітелуі сынды ауырсынуларды сезінгенімен, оларда үлкен адамдардағыдай бұлшықет пен бас аурулары болмайды. Тіпті рентген қортындысы нәтижесінде бірді-бір балада пневманияның белгілері анықталмаған.

    Дәл аталған мәселеге сәйкес Американдық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Майкл Остерхолм ата-аналарға балаларын барынша ата-әжелерінің жанында қалдырмауға кеңес береді. Себебі, балалар өздері бұл кеселмен ауырмаса да, олардың вирус таратушы рөлі зор екендігін айтады. Ал жасы алпыстан үлкен кісілерге бұл ауруды жұқтыруы да тез, оның зарбабын шегуі де тез. Сондықтан, балаларды барынша егде жастағы адамдардың қасында қалдырмаған жөн.

    Бүгінгі таңда елімізде 2 жасөспірімде коронавирус болуы мүмкін деген күдікпен карантинде жатыр. Оның бірі 12 жаста болса, екіншісі бар болғаны 2 жасар сәби.

    Балалардың коронавирусты жұқтырғанын оның жанындағы ата-анасы немесе балабақшадағы тәрбиешілердің біреуі аталған дертпен ауырған жағдайда ғана оның коронавирусты жұқтырғандығын байқауға болады. Дегенмен, бұл барлық дерлік бала жұқтырмайды, ауырмайды деген сөз емес.

    Сондай-ақ, коронавирус жас талғамайды. Ол жасқа да, кәрі ге де, орта жастағы адамдарға да жұғады. Дегенмен, бұл кеселмен күресу әр адамның организміне тікелей байланысты. Себебі, егде тартқан кісілерде басқа да ауру түрлері өте көп байқалады. Сондықтан, олардың организмі көптеген вирустармен немесе басқа да аурудың белгілерімен күресе алмайды. Сондықтан, коронавирус көбінесе жасы 50-60-тан асқан адамдар үшін өте қауіпті. Орта жастағы адамдар немесе жасөспірімдердің кейбіреулері коронавирусқа шалдыққанымен, олар тек тұмаудың белгілерімен ғана ауырып, жеңіл өткізуі мүмкін, ал кейбіреулері тіпті өлімге дейін душар болады. Сондықтан, барынша сақтанып жүрген жөн.

    қатысты посттар

    Енді 42 500 теңгеге ЭЦП-сыз да, компьютерсіз де өтініш жіберуге болады

    Фариза

    Ауыл әкіміне үміткерлердің кейбірінің дипломы жалған болып шыққан

    Фариза

    “Билік өзін қорғау үшін төмен әрекетке барып отыр…” Экс-президенттің қызы жазбасымен жұрттың жүрегін елжіретті

    Пікір қалдыру

    1 + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.