13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Маман Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін екенін болжады

    Америкалық маман жақында Қытайда CODID-19 эпидемиясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл жарияланған карантинді алып тастағаннан кейін болмақ деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    РИА Новости жазуынша, Қытайдағы ахуалды АҚШ-тың танымал дәрігер-инфекционисті Энтони Фаучи сараптаған.

    Дәрігердің сөзінше, Қытайда эпидемияның екінші толқыны басталуы мүмкін. Маманның айтуынша, бұл барлық шектеулер алынып, адамдар қалыпты өмірлеріне қайта бастаған кезде болмақ. Фаучи бұл жағдай болмайды деген үмітте екенін, алайда мұны жоққа шығаруға болмайтынын айтты.

    Одан бөлек, ол АҚШ аумағындағы эпидемия жайлы да сөз қозғаған. Ғалымның сөзінше, вирустың таралуы бір-екі айдың ішінде тоқтауы мүмкін. Бұл тұрғындарды қорғау үшін биліктің қандай шешім қабылдайтынына байланысты.

    Фаучидің айтуынша, АҚШ-тағы індет динамикасы Қытай немесе Оңтүстік Кореямен ұқсас болады.

    Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз адамға жетті. Оның жетеуі Алматыда, екеуі астанада. Сондай-ақ вирус жұқтырғандар арасында он екі жастағы жасөспірім бар.

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 81633 АДАМ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ АЛДЫ

    Фариза

    Иманғали Тасмағамбетов “КАМАЗ” КАҚ Директорлар кеңесіне сайлануы мүмкін

    Фариза

    “Министрлікке не істеу керек? ” Білім министрі сын көтермей тұрған оқулықтарға байланысты мәлімдеме жасады

    Пікір қалдыру

    nine − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.