13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазір дәріханаларда спирт те антисептик те жоқ. Біртановтың “Б” жоспары осы ма?

    Алматыдағы дәріханаларда 2 күннен бері антисептика да, спирт те жоқ, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин 11-16 наурыз аралығында Қазақстанға коронавирус келеді деген мәлімдемесінен кейін Алматыдағы “Магнум” сада-орталықтарында ажиотаж болған болатын. Ал оған дейін Алматыдағы барлық дәріханаларда маска тапшылығы болып жатқандығын айтқан болатынбыз.

    Ал бүгін, елімізде алғашқы коронавирусты жұқтырған екі адам анықталғаннан кейін Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі қаладағы дәріханалардан антипсептика мен спиртке туындаған жетіспеушілікке байланысты жағдайды біліп көрген еді.

    “Қазір бізде спирт те антисептик те жоқ. Екі күннен бері ажиотаж болып жатыр. Тіпті қашан келетіні де белгісіз. Фирмалардың өзінде де жоқ”, – деп жеткізді дәріхана қызметкері.

    Миллиардтаған ақша бөлініп, елімізде коронавирус анықталса да, қала тұрғындары масканың да, антисептика мен спирттің тапшылығын көруде. Тіпті қарапайым осындай қорғану құралдарын таппай жатқан кезде халық, бұл вируспен қалай күреспек?

    Сонымен қатар, егер адам өзінің вирусқа шалдыққан не шалдықпағанын білу үшін арнайы өзі барып тексеріле алмайды. Арнайы сиптомдар болмаса,  сондай-ақ темперетурасы міндетті түрде 39 градустан жоғары болған және жөтел болған жағдайда ғана тексерілуге мүмкіндігің бар.

    Еске сала кетсек, бүгінгі коронавирус анықталған екі қазақстандық азаматтан ешқандай сиптом анықталмаған.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Дәрігерлерге пранк жасаған танымал блогер жазалануы мүмкін

    Фариза

    “Шынжырмен байлап ұстаған” Тұрғындарды құлдықта ұстаған адам жантүршігерлік әрекеттер жасаған (видео)

    “Мен алдандым…” – Ринат Заитов (видео)

    Пікір қалдыру

    12 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.