30 C
Алматы
Сейсенбі, 4 Тамыз 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Билік және саясат Жаңалықтар Қоғам Саясат

    “Нәтижесін көрген жоқпыз. Тілге бөлінген миллиардтар желге ұшты” – сенатор

    Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Қордай оқиғасының қайталануына жол бермеудің бірнеше амалын айтып, Үкіметке ұсыныс жасады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

    Сенатордың пікірінше тәуелсіздік алғалы бері мемлекеттік тілдің мәселесі шешілген жоқ.

    “Қазақстанда 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту бағдарламасы қабылданған. Биыл осы бағдарлама мәресіне жетіп, соның нәтижесінде қазақ тілін Қазақстан халқының 95 пайызы еркін меңгеруге тиіс еді.

    Алайда бағдарламаның жемісін жеген жоқпыз. Нәтижесін көрген жоқпыз.  Осыған бөлінген миллиардтар желге ұшты. Сонда бұған кім жауап береді?!», – деді сенатор.

    Оның айтуынша мемлекеттік тіл қазіргі Қазақстанды мекен еткен 130-ға жуық ұлт пен ұлысқа ортақ тіл бола алмады.

    “Мойындауымыз керек, осы кезге дейін тілді тұғырға қондыра алмадық. Әсілінде, мемлекет пен мемлекеттік тіл – егіз ұғым.

    Өкінішке орай бүгінгі Қазақстанда – тұрып жатқан елінің тарихын, тілін, мәдениетін білмейтін, қазақ халқының құндылықтарына енжар қарайтын этнос өкілдерінің кейбір буыны өсіп келеді

    Қазақстанда тұрақтылық пен тыныштық сақталғанын қаласақ, осы мемлекетте өсіп-өнген барша ұлттар үшін ортақ қағидалар мен құндылықтар қалыптастырып, қазақтың ұлттық рухани байлығын өзге диаспоралар арасында кеңінен насихаттау қажет», – деген ұсыныс айтты Мұрат Бақтиярұлы.

    Сенатор Қазақстанда тұратын түрлі диаспораларды қазақы ортаға сіңістіріп мен оларды мемлекеттің негізін құрайтын ұлттың төңірегіне топтастыруға бағытталған кешенді саясат жүргізу керек деп есептейді.

    Сенатордың айтуынша Үкімет қазақтан өзге этностар басым тұратын ауыл-аймақта ұдайы мониторинг жүргізіп, сондағы тіл мен ономастика және басқа да қордаланған мәселелерді бақылап, сүзгіден өткізіп отырғаны жөн.

    «Тағы бір түйкілді дүние – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып жатқан Үкіметтің әзіргі іс-шаралары әлі де болса шикі, олқылығы көп. Елдің тұрмысын түзеуге әлі де жеткіліксіз.

    Халық түтінінің түзу ұшып, тұрмысының түзелгенін нақты сезінді деп айта алмаймыз.

    Қазақстанда ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін арттырудың тетіктері әзірленуі керек”, – дейді Мұрат Бақтиярұлы.

    Сенатор бұдан сырт әлеуметтік желілердің теріс әсеріне тоқталып, ондағы жалған ақпарат пен арандату тәуелсіздікке қауіп төндіретінін айтты.

    «Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде ұлтараздықты қоздыратын арандатушы ақпараттар қаулап барады. Мемлекеттің билік органдарының қадір-қасиетіне дақ түсіретін жалған айыптаулар мен өсек-аяңдар, бейпіл сөз бен көріністер етек алуда”, – деп алаңдады сенатор.

    Мұрат Бақтиярұлы қасақана жалған ақпарат таратып, халықты тәртіпсіздікке шақыратын кез келген арандатушылыққа құқықтық негізде қатаң жаза қолдануды қатайтуы керек деп санайды.

    Жалпы тіл мәселесіне келгенде ойындағыны жасырмайтын айтатын азаматтың бірі –  Мұрат Бақтиярұлы.

    Мәжілістегі кейбір әріптестері секілді алыстан орағытпайды, жауаптан жалтармайды.

    “Мемлекеттік тілді білуді міндеттесек көпұлтты еліміздің тыныштығын шайқалтып аламыз-ау” деп орынсыз ақылсынбайды.

    Керісінше қазақ тілін білуді міндеттейтін кез келді деп есептейді ол.

    “Еліміздің әр азаматын қазақ тілін білуге міндеттейтін уақыт келді.  Мемлекеттік тілді білу борыш емес, міндет! Заңнамаға осындай өзгеріс енгізу керек.

    “Борыш” деген сөз қазақстандықтардың сана-сезіміне ешқалай әсер етпейді, көбісі бұған мән бермейді де. Сол себепті азаматтар қазақ тілін меңгеруге талпынбайды, ал кейбіреулер оны пайдасы жоқ деп есептейді. Тілді білуге міндеттемесек, қазақстандықтар оны меңгермейді”, – дейді сенатор.

    Похожие записи

    Танымал режиссердің ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды

    Бір сағатта күлге айналған Масанчи ауылы. Арандатушы кім? (видео)

    Фариза

    Қызылорда маңындағы қамыс арасынан маугли-бала табылды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × two =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.