10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында жоғалған 7 жастағы қыз бала жертөледен табылды

    Алматы облысы Талғар ауданында іс-түзсіз жоғалып кеткен қыз бала жертөледен табылды деп хабарлайды Qazweek.kz порталы inAlmaty.kz-ке сілмете жасап.

    Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 наурыз сағат 20:34-те Талдыбұлақ ауылының тұрғынынан 2012 жылғы қыз баланың жоғалып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен.

    Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріскен.

    “Үйді-үйді аралау кезінде аталмыш ауылдағы шаруашылық қора-жайлардың бірінің жертөлесінен жоғалған бала табылды. Оқиға орнынан күдікке ілінген 1990 жылғы Н. есімді азамат ұсталды. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 120 бабының 4 тармағы (“Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлау” ) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деп атап өтті Полиция департаментінен.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында бес ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыздың аман-есен табылғанынхабарлаған едік.

    Полицейлер жасөспірімді Шымкенттен тауып, ата-анасына тапсырған. Бүгінде оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

    қатысты посттар

    Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді

    Фариза

    «Неше бала дүниеге әкелдіңіз, нешеуі тірі». Бюро басшысы бұл сұрақтың санаққа неге қосылғанын түсіндірді

    Фариза

    Жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық? – Айгүл Орынбек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.