22 C
Алматы
Жұма, 7 Тамыз 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Дін Қоғам

    VII ғасыр бұрын коронавирус хадисте “ақ өлім” деп көрсетілген

    Коронавирус – ақырзаманның жақындағанының белгісі. Себебі, Шейх Мұхаммед Садықтың имам Жаппар ас-Сыдыққа риуят етіп жеткізген хадисінде: Имам әл-Махди келгенге дейін адамдар екі түрлі өлімнің дәмін татпай өлмейді. Олар: қызыл өлім және ақ өлім. Қызыл өлім – қару болса, ал ақ өлім-оба, – деп атап өткен.

    Бұл аталған өлім Құдси хадистің 27-тармағында кездеседі.

    Хадисте көрсетілген ақ өлімнің қазіргі белгісі ретінде коронавирусты айқын көрсетуге болады.

    Себебі, Әл-Муттаки әл-Хиндидің Имам Әлиге риуаят еткен хадисінде: Әлемдегі адамдардың үштен бір бөлігі өлмей, әл-Махди келмейді, – деген.

    Ал қазіргі таңдағы коронавирус бүкіл әлемге тарағанымен қоймай, аталған дертті жұқтырып, өлімге душар болып жатқандардың саны күннен-күнге артуда. Қазірдің өзінде әлем бойынша 100 мыңға жуық адам коронавирусты жұқтырып үлгерген. Сондай-ақ 4000-ға жуық адамның өмірін жалмады. 80-елге тарап үлгерді. Байқап отырғанымыздай дәл оба секілді таралуы тез, емі жоқ бұл ауру хадисте келтірілген ақ өлімнің бүгінгі таңдағы көрінісі деп нақ басып айтуға болады.

    Жуырда американдық ғалым, Флорида университетінің Жұқпалы аурулар статистикасы орталығының тең директоры және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшысы Ира Лонгини коронавирусты әлем халқының үштен бір бөлігін жойып жіберу қаупі бар екендігін айтқан болатын.

    Байқап отырғанымыздай, жоғары да атап өткен хадис пен ғалымның болжауы сәйкес келеді.

    Сонымен қатар, ақырзаманның басқа белгілері де қазіргі таңда айқын көрінуде. Тағы бір көрінісі ақырзаманның Шам шаһарында, Яғни қазіргі таңдағы Еуропадағы Сирия, Ирак, Иран өңірлері екенін ескерсек, бүгінгі таңда дәл аталған өңірлерде қантөгіс соғыс пен адам шығындары болып жатқандығын айтуға болады.

     

    Құдси хадис (араб.: الحديث القدسي‎) деп Исламда Мұхаммед пайғамбардан ﷺ емес, ол арқылы тікелей Аллаһтан жеткен деп саналатын хадис түрі. Яғни бұл хадистердегі сөздерді Аллаһ айтып, оны Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға ﷺ жеткізген. Осылай құдси хадистер Құранның аяттары секілді Аллаһ түсірген уахидың бір бөлігі болды, бірақ олар Құранға кірмей, оның аяттары қатарлы саналмайды. Хадис қудсилерге сену үшін басқа хадистер секілді оның сенімділігін (яғни сахих немесе хасан екенін) анықтау керек, ал Құран аяттары олай тексерілмейді. Қудси хадистерді намаз ішінде сүрелер секілді оқуға болмайды. Кейбір ғалымдардың ойынша Құранды дәрет алмаған адамға ұстауға болмайды, ал қудси хадистерде ондай тыйым жоқ.

    Фариза Жомартқызы

    Похожие записи

    Интенсивті алма бағының болашағы зор

    Қарағанды облысында дәрігерлер науқасқа мас күйінде келген

    Фариза

    Министр кей азаматтардың 42 500 теңгені екінші рет неге ала алмай отырғанын түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − nine =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.