11 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Бір қабір – бар әлемнің қасіретіне айналмасын! 3-дүниежүзілік соғыс басталып кетті ме?

    Халық арасында: егер Шыңғыс ханның қабірі табылса, әлемде жантүршігерлік 3-дүниежүзілік соғыс басталады, –  деген аңыз бар.

    Естеріңізге сала кетсек, 2-дүниедүзілік соғыс Сталиннің Әмір Темірдің денесін қабірден қазып алуына тікелей байланысты екендігі туралы халық арасында аңыз тараған болатын. 1941 жылдың 21 маусымында Әмір Темірдің денесін қабірден қазып алғаннан кейін ертесі күні дүниежүзілік соғыстың басталып кеткендігі туралы айтылған. Сол секілді, осы күнге дейін әлем археологтарының қызығушылығын тудырған жарты әлемді жаулаған Шыңғыс ханның денесі табылғанда, 3 – дүниежүзілік соғыс басталады деген де аңыз бар.

    Шыңғыс ханның денесі әлемдік соғысты тудыратындай несімен маңызды?

    Шыңғыс хан, қайтыс болғанда ешкім таба алмайтын жерге көмуді өсиет еткен. Оның денесін алыс шөлге апарып көмеді. Жерлеу рәсіміне қатысқан құлдарды әскер өлтіріп тастайды. Қалаға келгенде әскерді де  өлтіреді. Шыңғыс ханның қайда жерленгені әлі күнге дейін  белгісіз күйінде қалып отыр.

    Жуырда Монғолияның археологтары Шыңғыс ханның қабірін тапқандығын туралы айтқан болатын. Олар тапқан қабірдегі адамның денесі Шыңғыс ханның өмір сүрген заманына сәйкес келеді. Сондай-ақ патшаға сай рәсіммен жерленген.

    Демек, бұл расымен де 3- дүниежүзілік соғыс басталды деген сөз бе?

    Бүкіл әлемді қолына қару беріп майданға аттандырған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар – әлі күнге халықтың жадынан өше қойған жоқ. Онымен қоймай сол қанмайдан соғыстан қалған атом бомбаларының зардабын халық әлі күнге тартып келеді. Осы орайда үшінші дүниежүзілік соғыс қалай басталады немесе қашан басталады деген сұрақтар туындайды. Немесе, расымен де соғыс басталып үлгерді ме?

    Біз айтып өткен аңыз, әрине соғыс басталды деп нақты айтуға дәлел емес. Бірақ, бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан оқиғалар,  3-дүниежүзілік соғыстың басталып кеткендігін көрсетеді. Ендеше, сол көрініске себеп болған бірнеше әлемдік оқиғаларға тоқталып өтейік:

    1. Тарих беттеріне көз жүгіртсең, 3 – дүниежүзілік соғыс биологиялық қару арқылы өтеді деген болжаулар көп кездеседі. Расында да, техниканың дамыған заманында қазір бір халықты түп тамырымен жойып жіберу үшін, ешқандай да қару алып, бетпе-бет соғысудың қажеті жоқ. Бір вирусты ойлап тауып, оны тарату арқылы халықты қырып салу оп-оңай. Кейбір мәліметтерге қарағанда, сарапшылар бүгінгі күні әлемге таралған коронавирусты арнайы біреулердің қолдан жасаған биологиялық қаруы деген мысалды айтады. Себебі, әлі күнге дейін аталған аурудың қайдан, қалай пайда болғандығы туралы нақты мәлімет жоқ.

    2.Ұзақ уақыттан бері созылып келе жатқан Сирия соғысы. Алып державалардың талан-таражына айналған Сирияның жыры біраз уақытқа сәл бәсеңгенімен, бүгінгі таңда Сирияға көз тіккен елдер арасындағы қақтығыс қайта басталды. Жуырда ғана, сол соғыс әсерінен Туркияның 33 әскери азамыты жан тапсырған болатын. Аталған жағдай Түркия мен Ресей арасындағы қақтығыстың да туындуына алып келді.

    3.Америка мен Иран арасындағы қақтығыс. Қаңтар айында АҚШ президенті Трамптың бұйрығымен Иранның генералы Қасем Сүлейманидің өлтірілуі, сондай-ақ АҚШ тарапынан да, Иран тарапынан да бір-біріне қарсы атылған ракеталар екі елдің арасындағы қатығыстың өрши түскенінің көрінісі. Ал, екі елдің арасында қақтығыс туындаса, бұл соғысқа басқа елдердің де қарап қалмайтыны анық. Түртіп қалсаң, өрши түсуге дайын тұрған бір қақтығыстың өзі бір күнде әлемдік соғысқа айналып кетуі де оп-оңай жағдайға жетіп отыр.

    Тіпті, АҚШ Иранның айналасындағы елдерге өз әскери базаларын орналастырып та үлгерген.

    Жоғарыда айтып өткен аңызға қайта оралсақ, өткен ғасырда айтылған аңыз бүгінгі күнде шынайылыққа айналып отырғандай. Ұзақ уақыттан бері алып державалар арысындағы қақтығыстар, террористер мен әр елдің ішінде орын алып жатқан митингтер мен қан төгістер, ауада ұшқан ракеталық қарулар мен күресудің өзінде дәрменсіз хәлге түсірген вирус, мұның бәрі де бүгінгі таңда 3-дүниежүзілік соғыстың басталып жатқандығын айқын көрсетеді.

    Расында, адам баласына дүниеден өткен адамның денесін қабірінен суырып шығарып, әруақтың денесін қорлау қаншалықты пайда әкеледі? Кейде нақты дәлел болмаса да, ел арасында тараған аңыздардың, болжамдардың да шындыққа айналуы көп кездеседі. Егер Шыңғыс ханның денесі табыла қалса, расында да адам баласына ойлаудың өзі қорқынышты жантүршігерлік соғыстың орын алмауына кім кепіл бола алады? Осыншалықты тәуекелге бел байлау – әлемдік қақтығысты тудыруға лайық па?   Сонша ғасыр іздеген қабір адамның өз басына қайғы болып келмейді ме? Бір қабір – бар әлемнің қасіретіне айналмасын!

    қатысты посттар

    “3 күн уақыт беріңіздер…” – Даниал Ахметов Зайсан тұрғындарымен кездесті

    Сара Назарбаева: Менің Назарбаевым адамды ешқашан қорламайды

    Фариза

    Тоқаев: Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.