9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    СҚО-да денесі қоқыстың арасынан табылған нәрестеге қатысты жаңа дерек шықты

    Солтүстік Қазақстан облысында денесі қора-қопсылардың арасынан табылған сәбиге қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Анықталғандай жаңа туған нәресте 1992 жылғы әйелдің үшінші баласы. Оның тұңғышы 2018 жылы іштен өлі туған екен деп хабарлайды Qazweek.kz порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

    Телеарна мәліметінше, әйел адамның екінші жүктілігі сәтті аяқталған. Ұлы жақында 1 жасқа толады.

    Ал жас ананың қайтадан құрсағында бала көтеріп жүргенін ешкім білмесе керек. Аудандық әкімдік өкілдері ол жүктілігі жөнінде дәрігерлерге хабарламағанын айтады. Тіпті азаматтық некедегі ері де бұл жаңалықты естіп, аң-таң болған.

    “Әйелден қан кеткен, сосын ол дәрігерлерді шақыртқан. Ақ халаттылар келген кезде баланың шетінеп кеткенін айтады. 3-4 айлық бала құрсақтан бірнеше бөлікке бөлініп шыққан деген. Бірақ нәрестенің денесін көрсетпей қойған.

    Сосын барып дәрігерлер полицейлерді шақыртып, олар нәрестені қораның артында үйіліп жатқан қидың арасынан тауыл алған. Жас ана азаматтық жолдасы және оның әке-шешесімен бірге тұрған. Әйел толық болған соң, олар жүктілікті байқамағанын айтты”, – деді Тайынша ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жанар Алданазарова.

    Қазір аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100 бабы (“жаңа туған баланы өлтіру”) бойынша іс қозғалған.

    Сәбиге сараптама жасалып, оның денесінен бірқатар зорлық белгілерін тапқан. Артынша шақалаққа сараптама жасалып, оның денесінен бірқатар зорлық белгілері анықталған. Осыдан соң іс “адам өлтіру” бабына ауыстырылған.

    Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу жұмыстары жалғасуда. 28 жастағы анасы қамауға алынған.

    қатысты посттар

    Данэлия Төлешованың жаңа бейнебаяны шықты

    Көлікте бала отырғанда темекі тартқандар қомақты айыппұл төлейді

    Фариза

    1 наурызда Қазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті

    Пікір қалдыру

    one × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.