9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Dimond Princess кемесіндегілермен бірге ұшып келген продюсер: Біз үшін шешім қабылдаған әуе компанясы мен билік өкілдері біздің конституциялық құқығымызға қол сұқты

    Diamond Princess круиздік лайнерінде болған 4 қазақстандықпен бірге Токиодан Нұр-Сұлтанға ұшып келген 16 жолаушының бірі – телепродюсер, «Кешью» тобының директоры Назым Басқынбаева коронавирустың потенциалды тасымалдаушыларымен бірге ұшатыны жөнінде ескертпегені үшін жауапты ведомстволардан моральдық және материалдық шығын төлеуді талап етті. Бұл туралы продюсер Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, дка хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz.

    Жапониядағы сапарынан оралған жолаушының айтуынша, олардың қауіпті кемеде болған азаматтармен бірге ұшатынын барлық жауапты органдар – Азаматтық авиация комитеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі,  Қазақстанның Жапониядағы елшілігі және «Scat» әуе компаниясының өкілдері білген. Алайда өзге жолаушыларға хабарлап, бірге ұшуға келісімдерін алмаған.

    «Талап бойынша біз вирустың потенциалды тасымалдаушыларымен бірге ұшуға қарсы еместігіміз жөнінде келісім беруіміз керек. Егер бізге алдын-ала ескертілсе, басқа мемлекет арқылы ұшып келер едік, тіпті болмаса, басқа рейспен оралар едік. Дәл сол жолаушылармен ұшып келгеніміз үшін 14 күн бойы карантинге жатқызылатынымызды да біздің сыртымыздан шешіп қойған. Біз үшін шешім қабылдаған әуе компанясы мен билік өкілдері біздің конституциялық құқығымызға қол сұқты, жолаушыларға таңдау құқығын бермеді», – дейді продюсер.

    Осы орайда, Назым Басқынбаева 14 күн бойы төрт қабырғаға қамалып,  жоспарлы істерін орындау мүмкіндігінен айрылғаны үшін жауапты тұлғалардан өзіне келтірілген моральдық және материалдық шығынның өтелуін талап етті.Барлық құқықтар сақталған.

    қатысты посттар

    Атамбаев қанша мерзімге қамалды?

    Тоқаев мырза, сіз тапсырманы орындай алмадыңыз, адамдарды ит секілді екі ай үйге қамап қойдыңыз – Қуат Хамитов

    Фариза

    Ақмола облысының тұрғыны күйеуін төрт жастағы қызын зорлады деп айыптады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.