10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Шымкент соты “403 млн теңге жымқырған” шенеунікке 4,5 млн теңге айыппұл салды

    Шымкент соты “Қызметін дұрыс орындамай, ақша жымқырды” деп айыпталған Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры Асылжан Жамалбековке айыппұл салып, үш жыл мемлекеттік қызметтен шектеді. Бұл туралы Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Kazaknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Айыптау актісіне сай, Асылжан Жамалбеков 2015-2017 жылдары Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығын басқарып тұрғанда топ құрып, жұмыссыздарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындап, ол ақшаның жартысын өздері алып отырған. Тергеудің дерегінше, екі жылда бұл топ мемлекетке 403 миллион теңге шығын келтірген.

    Әл-Фараби аудандық соты “елге 403 млн теңге шығын келтірді” деп айыпталған Жамалбековке 4,5 миллион теңге айыппұл салды. Соттың пайымдауынша, Асылжан Жамалбеков бұл істі “абайсызда жасаған” және бұл әрекет аса ауыр қылмыс емес. Сот шешім шығарарда оның кінәсін мойындағанын, үш баласы барын ескерген.

    Сот үкімі күшіне енген жоқ. Екі тараптың апелляцияға шағым түсіруге құқығы бар.

    Қазақстанда жемқорлық және ақша жымқыру айыбымен шенеуніктер жиі сотталады, алайда көп жағдайда олар амнистиямен босатылады. Қазір билік жемқорлықпен сотталғандарды шартты жазамен босатуға шектеу қою жағын қарастырып жатыр.

    Фото: Из открытых источников

    қатысты посттар

    Алматы қаласының бас санитары Айзат Молдақасымова өзінің ақшалай сыйақы алғанын растады

    Фариза

    Назарбаев пен Тоқаев қатысып жатқан форум алдында көпбалалы аналар шеруге шықты

    Назарбаевтың шетелдік сапарларына қанша қаржы бөлінеді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.