13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    “Адам көп жиналатын жерге бармау” – Алматының Бас санитары коронавирустан қорғану жолын айтты

    Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қауіпті аймақтардан келген барлық адамдарға күшейтілген бақылау жүргізілуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтының дерегіне сүйеніп.

    Бүгінде коронавирусты инфекция Қытайдан басқа, 26 елде тіркелген. Ал жалпы ақпан айынан бастап Алматы қаласының әуежайына келетін барлық халықаралық рейстерге күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілуде.

    Қазіргі уақытта коронавирус тіркелген елдерге тур ұйымдастыратын туроператорлардың қызметі тоқтатылды.

    Коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталған елдердің тізбесі:

    Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Малайзия, Вьетнам, Германия, Австралия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, БАӘ, Канада, Үндістан, Филиппин, Италия, Испания, Иран, Ресей, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия, Египет.

    Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова атап өткендей, алдын алу шараларына баса назар аудару қажет. Тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанудың өршіп тұрған кезеңін, сондай-ақ бірқатар шет елдерде коронавирус ауруларының артуын ескере отырып, тұрғындарға вирустық аурулардың алдын алу шараларын сақтау және адам көп жиналатын жерден аулақ болу ұсынылады.

    «Алматыда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штаб әуежай аумағындағы өткізу пункттерінде, темір жол стансаларында, автокөлік өткелдерінде лауазымды тұлғалардың өзара іс-қимыл алгоритімінің сақталуына бақылау жүргізуде. Шаһарда медициналық құралдар, оның ішінде бетперделер қоры жеткілікті», – деп атап өтті Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.

    Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

    қатысты посттар

    Қазақстанда дәрі-дәрмек тағы да қымбаттады

    Фариза

    Дертке шалдыққан ер адамның беті адамшошырлықтай ісіп кетті

    Шымкент: Денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары бойынша жиын өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.