10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Bek Air басшылығы ұшақ соғылған үй иесінің мойнына 12 адамның өлімін артпақшы

    Талғар аудандық сотында ұшақ құлаған үйдің иесіне қатысты Bek Air әуекомпаниясының шағымы бойынша сот ісінің алдын ала тыңдалымы өтті. Дегенмен, сот отырысы басталмай жатып аяқталды. Әуекомпания өкілдері мен сотталушы бұл іске қатысты өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтының мәліметіне сүйеніп.

    Сот отырысына келген Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов бұл құрылысты заңсыз деп тануды қалайтындарын айтты.

    “Құрылыс заңсыз салынғанын растасын. Міне, біздің талабымыз осы. Бұл сұрақты (өтемақы туралы – ред.) кейінге қалдырайық, өйткені сот тыңдалымы кейінге шегерілді, – деді ол.

    Өз кезегінде, апатқа ұшыраған үйдің иесі Ришат Қалибек қарсы шағыммен сотқа жүгінетінін айтты.

    “Мен олардың талаптарымен келіспеймін. Өйткені, жер телімін заңды түрде сатып алдым. Мен де сотқа жүгінемін. Қазір осының жайын адвокатпен талқылап жатырмын. Біріншіден, олар адам ретінде менің құқығымды бұзып отыр. Екіншіден, олар шығынды төлемес үшін мені сотқа берген. Мен моральдық және материалдық шығын өтету үшін сотқа шағымданамын”, – деді Ришат Қалибек.

    Оның айтуынша, ұшақ құлаған үйдің иесі әуекомпаниясын сотқа бермеген. Себебі ол Талғар ауданы әкімдігі келген залалды өтейді деп күткен екен. Алайда, ешкім оған залал шығынын төлемепті.

    “Мен адвокаттармен сөйлестім. Содан ұққаным, олардың мақсаты – үйді заңсыз ету, сөйтіп мені қайта сотқа беріп, 12 адамның өлімін мойныма іліп жіберу. Олар шіріген ұшақтың құлауына жауап берудің орнына, менің үйімді қиратады, онымен қоймай сотқа береді”, – деді Қалибек.

    қатысты посттар

    Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел түрмеде босанды

    Бір өзі 10 жігітті құлататындай мықты болған Дулат Ағаділ жүрек талмасынан қаза тапты дегенге сену қиын (видео)

    “Өзімді тоқтата алмадым” Педофил 3 рет жасаған қылмысынан кейін қамаудан мерзімінен бұрын шыққан

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.