9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қорықшыны өлтірді деген үш айыпталушы өмір бойына түрмеге қамалды

    Қарағанды соты “Охотзоопром” инспекторы “Ерлан Нұрғалиевті өлтірді”, қорықшы “Петр Ницыкты өлтіруге әрекет жасады” деп айыпталған Қызылорданың үш тұрғынына өмірлік жаза берді. Сот Қайрат Ақшанов, Берік Ахметов және Нұрлан Шүкілдіковтің кінәсі сотта дәлелденгенін айтты. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосының дерегіне сүйеніп хабарлайды

    Судья Қайрат Қасымов айыпталушыларды “заңсыз киік аулау” бабы бойынша да кінәлі деп тапты. Биліктің дерегінше, соның кесірінен мемлекетке 89 млн теңге шығын келген.

    Сот қалған айыпталушылар Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімовті (олар “заңсыз аңшылық құрды” деп айыпталған) әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімін естіген айыпталушылар эмоцияға беріліп, үкіммен келіспейтінін жеткізді.

    Марқұм қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің ағасы Нұрлан Нұрғалиев пен жәбірленуші Петр Ницык айыпталушыларға ең жоғары жаза беруді сұраған. Бұған қоса, соттан моральдық шығын ретінде – 20 млн теңге, материалдық шығын ретінде 9 млн теңге өндіріп беруді, адвокаттарға кеткен шығынды өтеуді сұрады. Сот бұл өтініштерді жартылай қанағаттандырды.

    Бұған дейін прокурор Қуаныш Жексенбаев соттан жәбірленушілердің шағымын, бұған қоса Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының 89 млн теңгені өтеу туралы шағымын қанағаттандыруды сұраған.

    Жарыссөз кезінде прокурор үш айыпталушыға – өмірлік жаза, қалғанына алты жыл түрме жазасын беруді сұраған. Прокурор сонымен бірге барлық жеті айыпталушыға бес жыл бойы аң аулауына тыйым салуды өтінген.

    Ал үш айыпталушының адвокаттары өздері қорғап отырған азаматтардың қасақана түрде адам өлтірмегенін айтып, “Адам өлтіру” бабын басқа бапқа өзгертуді сұраған.

    Сотта қорықшыны жұдырықтап, мылтықтың дүбімен ұрғанын мойындаған айыпталушылардың бірі Қайрат Ақшанов өзін қатаң жазаламауды сұрап, жылады. Сот үкімі шықпай тұрып айыпталушылар марқұм Ерлан Нұрғалиев пен жәбірленуші Петр Ницыктың туыстарынан кешірім сұрады. “Заңсыз киік аулау” бабы бойынша айыпталған төрт адам бұған дейін сотта кінәсін жартылай мойындайтынын айтқан. Бірақ олар іс материалында көрсетілгендей – 17 киік емес, үш киікті ғана атқанын айтқан.

    2019 жылы 13 қаңтарда Қарағанды облысында браконьерлер “Охотзоопром” мекемесінің қорықшылары 52 жастағы Ерлан Нұрғалиев пен 58 жастағы Петр Ницыкқа шабуылдаған. Нұрғалиевке оқ тиіп, қаза тапқан. Ал Ницык жарақаттанған. Емделіп шыққан соң Ницык қызметіне оралған.

    қатысты посттар

    Тоқаев көтерген Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселелі қалай шешілуде?

    Фариза

    Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

    Шереметьевода қаза тапқан бортсеріктің анасы ұлының өлімі жайлы айтты

    Пікір қалдыру

    12 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.