23 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Сәуір 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Жаңалықтар Оқиға

    Қаланың қақ ортасында атыс болып, 8 адам қаза тапты

    Немістің Ханау қаласында (Франкфурт-на-Майнеден 20 шақырым жерде орналасқан) ер адам 8 адамды өлтіріп, тағы бесеуін ауыр жаралаған. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    “Полиция сегіз адам қаза тапқанын растады. Қылмыскерді іздеу қарқынды жүріп жатыр. Әзірге дәлелдер туралы нақты ақпарат жоқ”, – делінген Гессен Федералдық жеріндегі ведомствоның сайтында.


    © Reuters

    Hanauer Anzeiger газетінің ақпараты бойынша, кісі өлтіруші Курт-Шумахер-плац букмекерлік кеңсесіне және  қорқор шегетін орынға шабуыл жасаған. “Темекі шегуге арналған залдың ішіне кіру үшін ер адам қоңырау шалған. Темекі шегуге арналған залда ол атыс шығарған”, – деп жазады газет.

    “Хоймарктағы дүңгіршекте қылмыскер одан кейін тағы үш адамды өлтірді. Қаза болғандар туралы мәлімет әлі белгісіз”, – деп жазады басылым.


    © Twitter

    “БАҚ-тың көптеген хабарламасына сәйкес, бес адамның өміріне қауіп төніп тұр”, – деп хабарлады газет.

    Похожие записи

    “Қазақстандағы дүнген қауымдастығының басшысы Қытай билігінен көмек сұрауда”

    Атамбаевтың үйіне граната лақтырды

    Әлемді дүрліктірген коронавирус қазақстандық туристерді тоқтата ала ма?

    Пікір қалдыру

    thirteen − five =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.