23 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Сәуір 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Билік және саясат Денсаулық Жаңалықтар Қоғам

    “Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма?”

    Шығыс Қазақстан Облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғындары Майқапшағай шекара бекетінде түнгі уақытта Қытайдан адам мен тауар өткізгенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Facebook қолданушысы Жұмабек Әлімхан өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Әлем елдері Қытайдан тараған коронавирустан сақтанып, шекараларын қатаң бақылап, Қытайдан тауар да кіргізбей отыр. Ал ШҚО-дағы Майқапшағай шекара бекетінде түннің ортасында Қытайдан адам және тауар өткізген. Мынау не сұмдық! Қытаймен тұтас шекарамыз жабық дегені қайда? Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма? Тіпті коронавирус елімізге кіріп те кеткен сияқты. Әйтпесе, бөлінген 2 млрд теңге қайда жұмсалды және министр неліктен оның есебін халыққа ашық айтпай құпия ұстап отыр? Масқара ғой мынау! Сонда бұл біреулердің бизнесі болып отыр ма? Не деген сұмдық! Айтарға сөз жоқ”, – деп жазады Жұмабек Әлімхан.

    Айта кетейік, Ауыл тұрғындары аудан әкімі Серік Қасымбекұлына шағымданған. Түрғындар 19 ақпан сағат 15:00-ден бастап жиналып, аудан әкімінің келуін талап еткен.  Кейін ауыл тұрғындары “шекара жабылсын немесе өзіміз шекара күзетеміз” деп талап қойған.

    Қазір облыс әкімі Даниал Ахметов мәселені шешу үшін Зайсан ауданының тұрғындарымен кездесуде.

    Айдай әлем Қытайдан тараған коронавирустан ең жоғары деңгейде сақтанып, шекараларын қатаң бақылап, Қытайдан тауар да…

    Опубликовано Жұмабеком Әлімханом Среда, 19 февраля 2020 г.

    Фото: inform.kz

    Похожие записи

    Қазақтың қара домбрасын жерге ұрып сындырған жігіт көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

    Фариза

    Қытайдағы вирус: концлагерьдегі мұсылмандар жаппай қырылуы мүмкін

    Масқара: Нью-Йорктегі гей-парадқа Қазақстан туын алып шықты (фото)

    Пікір қалдыру

    17 + eight =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.