23 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Сәуір 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Билік және саясат Денсаулық Жаңалықтар Саясат

    Даниал Ахметов бүкіл қазақстандықтың өміріне гарантия бере ме?

    Күні кеше Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысындағы Зайсан ауданы Сарытерек ауылының тұрғындары түннің уағына қарамай, өз денсаулықатырына алаңдап көшеге шығып, наразылық білдірді. Оның басты себебі – әлеуметтік желіде таралған «Зайсан ауданына бір топ адам коронавирус жұқтырды. Қытаймен шекарада инфекция жұқтырған адамдарды ауыл амбулаториясында емдеу үшін алып келеді» деген ақпараттың таралуы. Өз өмірлеріне қауіптенген жергілікті тұрғындар биліктен бұл мәселені тез арада шешіп, халықтың қамын ойлауды талап етуде, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Түнгі уақытта басталған шеру біраз уақытқа созылып, халықтың үні биліктегілердің құлағына жетті.

    Жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселенің анық-қанығын білуге барған облыс әкімі Даниал Ахметов дүрліккен жұртты сабырға шақырып, аталмыш мәселенің оң шешім табатынын айтып жұбатты.

    «Жағдай былай! Бізде үлкен сұрақ болды… Шекара бүгінгі күні жабылды. Шет мемлекеттік ешбір азаматы шекарадан өтпейді. Бұл – бірінші мәселе.

    Екінші мәселе, осы жерде қазір 42 қытайлық азаматтар бар. Олар жатақханада және олал сол жерден шықпайды. Ол азаматтарға арналған арнайы дәрігерлер бар. Біз алдағы уақытта ҚР Сыртқы Істер министрлігімен сөйлесіп, ойланамыз. Не істейміз оларды?» – деген облыс әкіміне халық шулап жауап қайтарды.

    Жергілікті тұрғындар қытайлық азаматтарды дереу елдеріне қайтаруды талап етіп: «Бізге жол керек емес, бізге жан керек» деп шуласты.

    Облыс әкімі Даниал Ахметов өз кезегінде жауапты органдармен кездесіп, бір шешім қабылдайтынын айтты. Алайда, нақты қандай шешім қабылдайтыны әлі белгісіз.

    «Біз бұл мәселенің шешімін табамыз. Ол қытай азаматтарының арасында бірде-бір ауру адам жоқ. Мен гарантия беремін! Олар арнайы жатақханалардан шықпайды» – дейді Даниал Ахметов.

    «Бұл мәселені анықтау үшін мен арнайы бір адамды жібердім. Қытай азаматтарының ішіндегі 3-і екі жұма бұрын кірген…» – деген облыс әкіміне халық наразылығын білдіріп, шулап: «15 күн кірген, не үшін кіреді олар, елдеріне қайтарылсын» деп айқайлай бастады.

    «Үшінші мәселе, шекара қазір жабық, бірақ ана жақта (Қытайда – ред.) бес Зайсанның жігіттері бар. Олар келгенде, біз шекарадан өткіземіз. Бес кісі – өзіміздің жерлестеріміз, оның үшеуі осы Зайсаннан, біреуі Семейден…» – деп мәлімдеді Даниал Ахметов.

    Әкімнің бұл сөзіне «Олар не үшін барды ол жаққа? Келмей-ақ қойсын» деп шулаған адамдарға Даниал Ахметов: «Олар біздің жерлестеріміз емес пе?..» дейді. Иә, қазақ өзінің бауырларын қиындыққа тастамайды. Десек те халықта бес адамды өткіземіз деп, артынан өзге азаматтардың бір легі жағаласып кіріп кетпей ме деген үрей бар.

    Облыс әкімінің мәліметінше, қазір Қытайда жүрген облыстың 6 азаматы 2 күннен кейін елге қайтарылады. Олардың тізімі мен тұрғылықты жері бойынша нақты мәлімет бар екен. Олар елге оралған соң Өскемендегі ауруханалардың біріне карантинге жатқызылады. Сосын екі апта дәрігерлердің бақылауында болады.

    «Зайсан тұрғындары «Қытайдан келген қазақтар елге инфекция алып келе ме?» деп қауіптенетінін айтты.

    Біздің өңірде карантинге жатқызатындай мүмкіндік жоқ. 6 азаматты Өскеменге емес, ірі қалаларға жіберу керек», – деді жергілікті тұрғындардың бірі.

    ШҚО әкімдігі болса, әлеуметтік желіде таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, оны жоққ шығарды.

    «Кешеден бері «ШҚО Зайсан ауданының ауруханасына коронавирус жұқтырған қытайлық азаматтарды алып келуде» деген ақпарат таралуда. Бұл – жалған ақпарат.

    ҚР бас санитарлық дәрігердің айтуынша, коронавирус инфекциясы таралған аймақтан Қазақстанға келген азаматтардың барлығы 24 күн бойы дәрігерлердің жіті бақылауында болады. Оның 14 күнінде арнайы мамандар күнделікті барып, ол азаматтарды тексеріп отырса, қалған 10 күнінде арнайы мамандар мониторинг жүргізіп отырады. Егер ол азаматтар ұзақ уақытқа келмеген болса, елден кеткенше дәрігерлердің қарауында болады», – делінген хабарламада.

    Айта кетейік, ағымдағы жылдың 19 ақпанында Зайсан ауданының тұрғындары аудандық аурухананың алдына жиналып карантин бөлімін ашпауды талап етуде. Сонымен қатар, Қытаймен шекараны жауып, елге шетел азаматтарын кіргізбеуді талап етті.

    Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан аумағында коронавирус жұқтырған адам жоқ.

    Десек те, ел билігіне келесі сауалдарды жолдаймыз:

    Ақпан айының басында-ақ Қазақстан-Қытай шекарасы жабылып, барлық трансферсік қатынас жолдары жабылатыны айтылған болатын. Ендеше, ШҚО Зайсан ауданындағы қытайлық азаматтар екі апта бұрын елге қалайша кірді?

    42 Қытай азаматы үш күн ішінде елдеріне қайтарылады дейді. Не себепті олар осы уақытқа дейін Қазақстан аумағында жүр? Әлде, мұндай шара қолдану үшін халық көтерілуі қажет пе еді?

    Әлде, бұл да жәй ғана халықты алдаусырату ма?

    Алғашында адамдардың коронавирусты жұқтырғаны 14 күнде белгілі болады деп еді, қазір, ресми деректерге сәйкес, 24-40 күнде вирустың анықталатыны мәлім болды. Ал күні кеше ғана Оңтүстік Кореяда аталмыш вирусты жұқтырған адамдардың саны екі есеге күрт өсіп, күн санап бұл вирустан көз жұмғандардың саны артуда. Халқы 1 миллиардтан асатын Қытайдың өзінде тұрғындардың ешқайсын далаға шығармай, үйлерінде қамалып отыр. Ал екі апта бұрын елімізге келген қытайлық азаматтардың бұл вирусты таратпайтынына кім кепіл бола алады? ШҚО билігі тек жергілікті тұрғындардың ғана емес бүкіл қазақстандықтың өмірін қатерге тігіп отыр ма? Әлде бұл мәселеге біздің биліктегілер тым салғырт қарай ма?

    Тіпті, Помпеоның өзі Қазақстанның коронавируспен күресуге шамасы келмейтінін айтты. Егер де елімізге бұл вирус таралған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігі халықты қорғай алатынына сенімді ме?

    Назерке Лабихан

    Фото: Inform.kz

    Похожие записи

    “Олар мені мәжбүрлеп жатыр, кешіріңдер мені”,- Аманбике Хайрулланың соңғы жазбасы

    Фариза

    Тоқаев Мұхтар Жәкішевке қатысты мәселеге пікір білдірді

    Фариза

    Сәби жабайы аңдар мен қоқысқа толы жерде 2 күн бойы жалғыз қалған (фото)

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.