12 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Батыс өңірінде 12 елді мекен, 52 көше атауы өзгертілді

    БҚО-да 12 елді мекен атауы мен 52 көше атауы өзгертілді. Оларға қазақ зиялыларының есімдері мен қазақи атаулар берілді. Осылайша, Ақсай қаласының Советская көшесі – Әл-Фараби, Тупиковая – Көкжиек, Октябрьская – Хиуаз Доспанова, Утвинская- Мұхтар Әуезов деп өзгертілмек. Орал қаласының Фрунзе көшесі – Қайрат Жұмағалиев, Комсомольская – Әбіш Кекілбаев көшесі деп қайта аталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева Қазақ радиосының Жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында айтты.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 27 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес, ономастикалық атауларды ретке келтіру және идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ұлттық танымға жақын атаулармен ауыстыру бағытында облыста бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының Советская көшесі – Әл-Фараби көшесі, Тупиковая көшесі – Көкжиек көшесі, Октябрьская көшесі – Хиуаз Доспанова көшесі, Утвинская көшесі – Мұхтар Әуезов көшесі, Бәйтерек ауданы Шалғай ауылының Первосоветская көшесі – Алаш көшесі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Орал қаласының Фрунзе көшесі – Қайрат Жұмағалиев көшесі, Комсомольская көшесі – Әбіш Кекілбаев көшесі деп қайта аталды»,-дейді ол.

    Сондай-ақ, елді мекен атауларын реттеу жұмыстары да жүргізілуде. Мысалға, Киров ауылын – Қарағанды, Красный Свет – Ақбидай, Социализм – Кемер деп атау ұсынысы қолдау тапты. Аталған өзгертулер облыстық маслихатта қаралып, Әділет департаментіне тіркелгеннен кейін, заңды күшіне енеді.

    қатысты посттар

    “Қазақтар қысым көріп жатыр” деген ақпарат жалған – Қытай елшісі

    “Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады ?” Қытайлар Қазақстан туралы даулы мақалада не жазды?

    Фариза

    Айсұлтан үкіметтің отставкісін кейінге шегерді

    Пікір қалдыру

    1 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.