15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қоғам

    Ай сайын бір отбасыға бір баспанадан… Айнұр Тұрсынбаеваның қайырымдылық қоры ашылды

    Өзінің атаулы кітабымен ұтыс ойнатып елдің алғысына бөленіп жүрген айтыстың аққуы Айнұр Тұрсынбаева енді “Айдың нұры” деп аталатын қайырымдылық қорын ашты.

    Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ол өзінің инстаграм парақшасында:

    “Бисмиллә деп “Aidyn Nury қайырымдылық қоры” ашылды…Енді осы қор бойынша көп түкірсе көл демекші ай сайын бір отбасына баспана алып беріп отырсақ жақсы ғой… Қайырымдылық-адам жанының нұры…

    Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:”Адам қайтыс болғанда амал дәптерлері жабылады. Тек мына үш нәрсемен сауабы жалғасады: сауабы үздіксіз келетін садақа, адамдардың игілігіне жараған ілім және артынан дұға жолдайтын салиқалы перзент.” (Бухари)

    Суретте көрсетілген отбасыға қараңыздаршы… Артем сауда базарының қасында жер үйлердің бір бөлмесінде тұрып жатыр екен… 6 баласы бар! 6 бірдей бала ата-анасымен 8 адам, 12 квадраттық бір бөлмеде тұрып жатыр… Жолдасы ауырады, денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз, жағдайлары өте төмен отбасы…

    Осы отбасыны баспаналы қылуға 100 теңгеден салсаңыздар да біз үшін үлкен көмек!!! Жұмыла көтерген жүк жеңіл…Осы отбасыға баспана сыйлап балалардың жылы жүзін көру біздің мақсатымыз… Алла разы болсын” – 
    деп жазды.

     

    Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Тұрсынбаева бұған дейін өзінің ұтыс ойынында 120 миллионды құрайтын үлкен пентхаусын бас жүлдеген қойған болатын. Және оны Шымкенттік 5 баланың анасы Бибінұр есімді оқырман жеңіп алды.

    Похожие записи

    Шымкентте 11 Канал қайта жаңғыртылады

    Фариза

    Шымкенттегі блок-бекеттер қатаң бақылауда

    Фариза

    Каспийде жүздеген шаяндар жағалауға шығып қалған

    Пікір қалдыру

    twenty − 18 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.