7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қырғыз елі Қазақстанның үстінен Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді

    Қырғызстан Қазақстанның үстінен ДСҰ-ға шағым түсірді. Қырғыз тарапы Қазақстан халықаралық сауда ережелерін сақтамайды деп санайды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстанға Қырғыз Республикасын басып өтіп келетін транзиттік тауарлардың кешіктірілуі байқалды. Бұл Қазақстан билігінің тексерулерді қатайтуына байланысты, делінген Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі таратқан хабарламада.

    Жағдайды реттеу үшін, өткен жылы қырғыз тарапы Қазақстанға ресми хаттар жолдап, ДСҰ алаңында екіжақты консультациялар өткізді.

    Онда қырғыз тарапы Қазақстанды бұл ыңғайсыз жағдайыды егжей-тегжейлі зерттеп, сауда кедергілерін алып тастауға және ДСҰ белгілеген ережелер аясында әрекет етуге шақырды.

    Бірақ Қазақстан бұл ескертпелерге жауап берген жоқ. 2020 жылы 11 ақпанда Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары Эльдар Әлішеров пен ДСҰ мәселелері бойынша Экономика министрлігінің өкілдігінің басшысы Нұрбек Мақсұтов ДСҰ мүшелеріне халықаралық сауда ережелері сақталмай, бұзылып жатқанын жеткізді. Олар тексерудің күшейтілуі салдарынан шекара маңында жиналып қалатын жүк көліктері 10 шақырымға дейін созылатынын, шекарада және мамандандырылған аумақта күніне шамамен 250-ге жуық көлік тұрып қалатынын да айтты.

    Қазақстан Республикасының әрекеттері Қырғызстанның үшінші елдермен, сондай-ақ Қырғыз Республикасының әрбір жүк тасымалдаушысына сауда қатынастарына орны толмас зиян келтіруде, делінген хабарламада.

    Сөз соңында Қырғызстан Қазақстанды тағы бір рет мәрте ДСҰ алдындағы міндеттемелерін бұлжытпай орындауға шақырды, сонымен бірге жасырын сауда кедергілерін дереу алып тастап, қырғыз тасымалдаушыларына кедергісіз транзиттік маршруттар ұсынуды талап етті.

    қатысты посттар

    Жоғары білімі жоқтар ауыл әкіміне сайлауға түсе алады

    Фариза

    “Әнуар Нұрпеисов Шри-Ланкаға екі апта бұрын ғана жолға шыққан”

    Фариза

    Қордайдағы оқиғадан қаза болған Дархан Әбдірахым отбасының жалғыз ұлы болған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.