19 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Масаншыда өртенген үйдің арасынан адамның мәйіті табылды

    Қордай ауданының Масанчи ауылында өртенген сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған) тазарту кезінде қиранды арасынан күйген адам мәйіті табылды.

    Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жсап хабарлайды.

    Ақпаратты Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов Facebook-тегі парақшасында жазды.

    2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылында сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыры құлаған) тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан күйген адам денесі табылды. Мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр, – делінген жазбада.

    Айта кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

    Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Жанжал кезінде атыс қаруын қолданған.

    ДСМ хабарлауынша, медициналық мекемелерге 170 адам көмек сұрап келді. Төбелес салдарынан 10 адам көз жұмды.

    Сонымен қатар, 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген.

    қатысты посттар

    «Экологиялық апат»: Қапшағай су қоймасында небәрі 5 мың тонна балық қалды

    Фариза

    Қытай түрмесінде жазықсыз жігіт өлім жазасына кесілген

    Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.