9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Сара Назарбаева: Менің Назарбаевым адамды ешқашан қорламайды

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, “Бөбек” қорының негізін салушы Сара Алпысқызы 12 ақпанда 79 жасқа толды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Sputnik Қазақстан туған күн иесінің 1994 жылы “Әйелдерге гүл сыйлаңдар” бағдарламасына берген сұхбатын ұсынады

    Сары Алпысқызы елдегі экология, денсаулық саласы, қоғамдық қордың жұмысы мен отбасындағы ауызбіршілік, күйеуіне деген сүйіспеншілігі жайлы айтты.

    “Халықтың ішінде ең қорғансызы – балалар. Сондықтан мүмкіндігінше сол балаларды қорғауды миссия етіп алдым. Бұл миссияны өз мойныма алуға, көмек көрсетуге менің жағдайым да рұқсат береді. Мүмкін мен соны пайдаланған шығармын. Ең алғаш “Бөбек” қайырымдылық қорын ашқанымда жұмысты еліміздегі тұрмыс жағдайы қиын облыстардан бастадық. Оның ішінде Семей, Арал секілді экологиялық елді мекендер бар”, – деді Сары Алпысқызы.

    1994 жылы Назарбаева сол кездегі АҚШ президенті Билл Клинтонның жары Хиллари Клинтонның қабылдауында болған. Кофе барысында екі елдің ханымы экология тақырыбында әңгімелесіпті.

    “Мені АҚШ президенті Билл Клинтонның жары Хиллари Клинтон қабылдады. Кофе ішіп отырып, пікір алмастық. Ол біздің Қазақстандағы жағдайға қызыға қарады. Тіпті Семей қаласы жайлы өзі сұрады. Ол жақтағы экологиялық жағдайға байланысты науқас балалар дүниеге келетіні жайлы біледі екен. Менің басты миссиям осы болғандықтан, жаныма не бататынын айтып бердім”, – деді Назарбаева.Сара Назарбаева полигон орналасқан жердің тұрғындарымен кездескен.

    “Семейде науқас балалардың анасымен, жергілікті халықпен кездестік. Көздеріне жас толған егде жастағы ер адамдар келіп, “Біздің келіндеріміз бала туудан қорқады” деп айтты. Себебі дүниеге науқас, кемтар балалар келеді. Осы жағдай жайлы Клинтонға айттым”, – дейді Назарбаева сұхбатында.

    “Өзімді бақытты адам санаймын”

    Сара Алпысқызының айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы екеуі бір-бірін үнсіз ұғып, рухани үндестікте жүреді. Ал өзі әділетсіздіктің алдында ешқашан бас имейтін адам.

    “Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің қорғанымыз, тірегіміз. Менің Назарбаевым адамды ешқашан қорламайды. Болмысы сондай. Отыз жылдан бері бірге тұрып келеміз. Осы уақытқа дейін ренжіссек те, ұрыссақ та бір ауыз сөз естіген емеспін. Әрине, ондай оқиғалар жас кезімізде болды. Ал қазір біз өмірі бір қалыпқа түскен, түсіністікпен қарайтын жастамыз. Мен табиғатымнан тәуелсіздікті ұнататын адаммын. Мен туралы әділетсіз шешім айтылып, жала жабылып жатса, дөрекі түрде жауап қатуым мүмкін”, – дейді ол.

    Назарбаева өзін бақытты адам санайтынын, махаббат сөзін айтудан ұялмайтынын және сезімнің арқасында рухани келісімде балаларын тәрбиелеп отырғанын айтты.

    “Өзімді бақытты адам санаймын. Біздің махаббатымыз қуанышты да, қайғыны да бірге көрді. Барлығы өз ретімен өтіп жатыр. Иә, мен махаббат деген сөзден ұялмаймын. Біздің отбасыда екеуміздің арамызда түсінісу, рухани үндесу бар. Екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы болған соң балаларымыз да дәл солай. Қазақта “Ұяда не көрең, ұшқанда соны ілесің” деген сөз бар. Біздің балалар да осылай тәрбиеленген. Біздің шаңырақта “мен бастықпын” деген сөз ешқашан айтылған да, бұл тақырып көтерілген де емес”, – деді Сара Назарбаева.Сондай-ақ, Сара Назарбаева гүл өсіргенді жақсы көреді. Оларды бір-бірінен бөліп жарғысы келмейді. 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінде алған ең үлкен сыйлық жайлы айтты.

    “Маған барлық гүл ұнайды. Біреуін атап, қалғанын шетке ысырып қоя алмаймын. Мен үшін адамның көңілі маңызды. Мейрамда “маған мына затты сыйла” деп айтпаймын. Мен үшін балаларымның, жолдасымның көңіл бөлгені маңызды. Олар 8 наурызда мені қуантуға тырысады. Ештеңемен салыстыруға келмейтін, ең үлкен сыйлық – осы”, – деді Назарбаева.

    Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.  Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, білім беру саласының құрметті қызметкері әрі қоғам қайраткері.

    1992 жылы ана мен баланы қорғауға, жетім балаларды қақморлыққа алып, олардың толыққанды білім алуына жәрдемдесетін “Бөбек” қорының негізін салды. Осылайша жағдайы төмен отбасылардан шыққан немесе жетім балаларға жәрдемдесудің жаңа жүйесін қалыптастырды.

    қатысты посттар

    Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізді деген айыппен қамауға алынған Арман Хасеновты 3 жылға бас бостандығынан айырды

    Фариза

    Президент 9 мамырда елордадағы ескерткішке гүл шоғын қою рәсіміне қатысады

    Фариза

    Тасмағамбетов қызметінен босатылды

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.