Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны Нұрлан Төлегенұлы дүнгендер былтыр Қазақстан туын өртегенін айтты. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz порталының дерегіне сүйеінп хабарлайды.
– Бірнеше жыл бұрын Масаншыда біздің туды өртеді. Бүгінге дейін оларға ешқандай жаза қолданбады. Осылай сөйлеп, айтқан адамды қамап тастайды. Ал дүнгендер емін-еркін жүреді. Олардың бәрінде “жынды” деген бір-бір қағаз бар. Сонымен бірге ажырасқан деген анықтамасы бола тұра отбасымен бірге тұрады. Дүнген әйелдері жалғызбасты анамын деп ақша алады. Әрқайсысының екі азаматтығы бар. Қырғызстандық және қазақстандық төлқұжаттары бар, – дейді Қордай тұрғыны. Сондай-ақ дүнгендерге сабақ беретін мұғалім олардың қазақ тілін менсінбейтінін айтты.
– Оларға сабақ беремін. Дүнгендер “бізге өз тіліміз бен математикадан басқа ештеңе керек емес” дейді. Тіпті қазақ тілі сабағына да қатыспайды. Менсінбейді, – дейді қордайлық тұрғын.