19 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Туризм

    Әлемді дүрліктірген коронавирус қазақстандық туристерді тоқтата ала ма?

    Әлемге саяхаттағанды жақсы көрмейтін, армандамайтын адам аз шығар. Әсіресе, қыстың қақаған аязында тропикалық аймаққа кетіп, теңіздің жағасында демалып, күнге қыздырынып жатқанға не жетсін…

    Көптеген адамдар өздерінің қысқы демалыстарын алдын-ала жоспарлап, бір-екі ай бұрын ыңғайлы әрі сапалы турларды қарастыра бастайды. Елімізде өздерінің сапалы қызметтерін ұсынатын халықаралық туркомпаниялардың да саны өте көп. Біріне хабарласып, жәй сұхбаттасып көрсең болғаны, солардың қызметін пайдаланбағанша өздері қайта-қайта хабарласып, түрлі ұсыныстар жасайды.

    Алайда, жылдың басынан өршіген, бүкіл әлемді дүрліктірген қауіпті коронавирус біраз адамның жоспарының күл-талқанын шығарған болар. Мұндай жағдайға еліміздің турфирмалары дайын ба? Бірнеше уақыттан бері шетел асуды жоспарлап жүргендердің таңдаған туристік мекеніне кенеттен сапарға шығуға тыйым салып, тоқтатып тастағанда, алдын-ала келісімге отырған клиенттеріне біздің туристік агенттіктер қандай қызметтер ұсына алады? Бірі білсе, бірі білмес! Осы мәселеге қатысты Qazweek.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Қазақстан азаматтарына біршама жылдар бойы өз қызметтерін ұсынып жүрген бірнеше туристік агенттіктерге хабарласып көрді.

    Қауіпті вирустың Қытайдың Ухан қаласынан шыққаны баршамызға белгілі. Тараулы тым жылдам бұл вирустың салдарынан Қытайдың бірнеше қалаларында карантин жарияланып, ол қалалар жабылған болатын. Туризм саласы өте жақсы дамыған Хайнан аралы, Тайланд, Пхукет, Хайкоу қаласы, Малайзия, Сингапур және басқа да алғашқылардың бірі болып вирус таралған елдер туристердің қара тізіміне енген болатын. Ад бұл елдерге саяхаттауды алдын-ала жоспарлап қойған туристердің жағдайы қалай болмақ?

    Туристік агенттіктердің өкілдерінің айтуынша, кез-келген клиентпен келісімшарт жасау барысында бұл турдың қайтарымды екендігі айтылады екен.

    “Әлемнің кез келген еліне арналған турларды алдын-ала брондап алуға болады және оны кейін қайтаруға болады. Қазіргі таңда, әлемде болып жатқан жағдайға байланысты, вирус таралған елдерге тур сатып алып, келісімшарт жасасқан клиенттерге ақшалары толық қайтарылды және ешқандай да комиссиялық ақы алынған жоқ. Сонымен қатар, дәл сондай сомада басқа елдерге де арналған турлармен ауыстыруға болады. Клиенттердің қалауына сәйкес, біз оларға төлеген ақшаларын қайтарып бердік, ал басқа елге баруды қалаған клиенттерге өз қызметімізді ұсындық. Клиенттермен арада ешқандай да кикілжің туындаған жоқ” – дейді туристік агенттік өкілдері.

    Айта кетейік, коронавирус пневмониясының өршуіне байланысты, Хайнан аралына 15 наурызға дейін барлық сапарлар шектелді. Ал ол жерде қалып қалған қазақстандық туристердің бір легі бүгін таңертең елге қайтарылды. 31 қаңтар күні тағы бір ұшақ қалған қазақстандық азаматтарды алып келу үшін жіберіледі.

    Туристік агенттік өкілдерінің айтуынша, Хайнан аралында демалып келген адамдардан ешқандай да арыз-шағым түспеген.

    Қазіргі таңда коронавирус пневмониясы 18 елде тіркелді:

    Қытай: 5 970
    Тайланд: 14
    Гонг-Конг: 8
    Тайван: 8
    Жапония: 7
    Макау: 7
    Малайзия: 7
    Сингапур: 7
    Австралия: 5
    АҚШ: 5
    Франция: 4
    Германия: 4
    Оңтүстік Корея: 4
    Канада: 2
    Вьетнам: 2
    Камбоджа: 1
    Непал: 1
    Шри-Ланка: 1

    қатысты посттар

    “Балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынады”. Pfizer вакцинасы туралы не білеміз?

    Фариза

    ЛОНДОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР. КАРИНА БЕКТҰР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУ ЖАЙЫНДА

    Қытайдағы эпидемия 2011 жылы түсірілген америкалық фильмнің сценарийі секілді

    Пікір қалдыру

    1 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.