22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Біздің құрметті Дариға Назарбаевадан тіпті Ұлыбританияның патшайымы қорқады – Айсұлтан Назарбаев (видео)

    Бүгін Айсұлтан Рахат (Назарбаев) өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бірнеше жазба қалдырған болатын. Соған сәйкес Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі Лондонда тұрып жатқан Айсұлтанмен тілдесіп көрді.

    – Фейсбуктегі жазбаларды жазуға сізге не түрткі болды?

    -Менің өміріме үнемі қауіп төнеді. Бірақ мен одан қорықпаймын. Себебі, менің өмірім Алланың қолында.

    – Сіз анаңыздың атаңызды бақылауында ұстап отыратынын айттыңыз. Неліктен бұлай жаздыңыз?

    – Осы уақытқа дейін біздің отбасымызда көптеген жағдайлар орын алды (үнсіздік)…   Дәл қазір мен өтірік айтуым керек пе, жоқ әлде соңына дейін шындықпен күресуім керек пе білмеймін. Дегенмен, мен барлық шындықты білмеймін.

    Менің ойымша, олар маған бір қауіптің төнуінен қорыққан сияқты. “Айсұлтан сенің қасыңда өссін”- деді атам анама. Ал, анам “Ия, көреміз” деп қана жауап берді. Содан кейін жағдай мүлде өзгере бастады. Атамның жұмыстары көбейді. Соған қарамастан ол үнемі мені өзіне алғысы келіп, сұрататын. Ал анам болса “Айсұлтан саған бармайды”, – деп жауап беретін.

    Анаңыз неліктен олай айтты?

    – Анам ол кезде магияны қолданды (күлді). Мен анамнан басқа ешкіммен бола алмадым.

    – Сізбен байланысқа шыққан өзге журналиспен сөйлескен кезде барлық шындықты айтатыныңызды, сондай-ақ, қандай да бір құжатты көрсететініңзді айтыпсыз? Ол қандай құжаттар?

    – Дәл қазір, ол құжаттар жайында мен ештеңе айта алмаймын. Бірақ, жақын уақытта мен оларды сіздерге көрсететін боламын. Ең бастысы бір жерде өліп қалмай, тірі жүрсем болғаны…

    Сіз білесіз бе олар менің әкемді қалай өлтірді?  Әлнұр менің анаммен бірге әкемді өлтірді.

    – Тағы да сіз парақшаңызда Елизавета патшайымнан атаңызға қоңырау шалуын өтінген екенсіз. Неге мұндай көмек сұрадыңыз?

    – Біздің құрметті Назарбаевадан тіпті Ұлыбританияның патшайымы қорқатынын айтқым келді. Шындығына келгенде, менің анаммені атамның қасына жақындатпай, одан алшақта ұстауға тырысады. Мен бұл елде үнемі қандай да бір жағдайларға тап бола беремін. Ал шын мәнісінде, анам мені атамнан жырақта өмір сүргенімді қалайды.

    Айсұлтан Назарбаев анасының атасынан қалай ұзақ ұстайтынын айтпақ болған кезде байланыс үзіліп кетті.

    қатысты посттар

    “Алдымызда аға бола білдің сен, Саған лайық іні болу бір арман” Болат Назарбаев ағасына арнап ән шығарды (видео)

    Фариза

    Облыс тұрғындары карантин кезінде Алматыға жұмыс істеуге кіре алмайды

    Фариза

    Transparency Қазақстан билігін тәуелсіз ұйымдарды қудалауды доғаруға шақырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.