23 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Сәуір 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Оқиға

    “Алматыда күшті жер сілкінісі болуы мүмкін” Тұрғындарға қандай қауіп төніп тұр?

    Алматыда тоқтаусыз орын алып жатқан жер сілкіністері халықтың үрейін ұшыруда. Соған сәйкес сейсмологтар Алматы облысында кез-келген уақытта күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екендігін айтып,  тұрғындарға апатты жағдайға дайын болу керек екендігін ескертуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Соңғы 4 күн ішінде Алматы облысында төрт рет жер сілкінісі тіркелді.

    Ең соңғысы 20 қаңтар күні Алматыдан 230 шақырым жерде 3 балдық жер сілкінісі тіркелген.

    Сейсмология институты кез-келген уақытта күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екендігін айтты. Дәл осындай жағдай Алматыда 130 жыл бұрын орын алған екен. 7,7 балдық Верненский сілкінісі Алматының бірқатар бөлігін қиратып, 400 адамның өліміне себепші болған. Дәл осындай жағдай қайталанбас үшін сейсмология институты тұрғындарға кез-келген жағдайға дайын отыру керектігін ескертуде:

    Ең бірінші, біз сейсмикалық аймақта орналасқанымызды ескеруіміз керек. Дегенмен, біз жер сілкінісіне байланысты қауіпті ертерек билік өкілдеріне жеткізуге тырысамыз. Ал тұрғындар жер сілкінісі бола қалған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін білгені жөн. Сондай-ақ кез-келен мекеме жер сілкінісі қаупіне дайын ба, тексеру  жұмыстарын қадағалаған абзал”, – деді сейсмология институтының аймақтық сейсмикалық зертханасының меңгерушісі Алла Садықова.

     Жер сілкіні кезінде не істеу керек?

    Похожие записи

    100 жылда бұлттар жойылады. Ғалымдар дабыл қағуда

    Қытайда қаза тапқан Қазақстандық студенттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

    Египетте көз жұмған дипломаттың әйеліне жазған соңғы хаты жария болды

    Пікір қалдыру

    twelve − one =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.