13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Мәдениет және шоу-бизнес

    “Неге сіз әншілердің шаруасына араласасыз?” Мейрамбек Беспаев депутат Балиеваның қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді

    Елімізге белгілі әнші, МузАРТ тобының солисі Мейрамбек Бесбаев 15 қаңтарда Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды. Әнші бүгін одақтың бұрынғы басшылығы мен депутат Зағипа Балиева тарапынан қысым жасалып жатқаны туралы instagram парақшасында жазба қалдырды.

    “Құрметті Зағипа Яхияқызы!
    Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы – құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды. Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!” деп жазады М.Бесбаев.

    https://www.instagram.com/p/B7V7NcQpQwN/?utm_source=ig_web_copy_link

    қатысты посттар

    Атамбаевтың тергеу изоляторындағы суреті таралды

    ШҚО тұрғындары дабыл қағуда: Халық Қытаймен шекара бекеттерін жабуды талап етті

    Тоқаев мораторий күшін жойса да жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.