16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    “Өмір бойына бас бостандығынан айыру, мораторий, зейнет жасының ұлғаюы” 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай заңдар күшіне енді?

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміде бірқатар өзгерістер күшіне енді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы мен жарлықтарына сәйкес, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, бірталай заңдар қолданысқа шықпақ. Qazweek.kz ақпарат агенттігінің тілшісі тышқан жылының 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын бірнеше заңдарға тоқталып өтпек.

     

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғайды.  

     

    Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін қазақстандық әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады.

    .Ал биылдан бастап әйелдер 59,5 жасында зейнетке шығады.

     

    • 2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;
    • 2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;
    • 2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;
    • 2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;
    • 2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;
    • 2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;
    • 2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында.

    Десе де, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.

    Мәселен, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналар 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста, ерлерге 50 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар.

     

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимін қолданатын микро (75 миллион тенгеге дейін) және шағын бизнес (757миллион теңге шамасында) субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады.

    Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы.

    Алайда, бұл өзгеріс:

    • жер қойнауын пайдаланушылар
    • акциздік өнім өндірушілер
    • ойын бизнесі
    • сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қатысты емес.

     

    Бұдан бөлек, шағын және орта бизнеске үш жылға тексеріс жүргізуге мораторий жарияланды.

    Бірақ, бұл тексеріс мүлде жүргізілмейді деген сөз емес. Кедендік тексеріс, кезікпе салық тексерісі, қылмыстық іс аясында және салық төлеушінің өтініші бойынша өз қызметіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерістер қала береді.

     

    Мас күйінде көлік айдағандар 10 жылға бас бостандығынан айырылады.

    Заңға сәйкес, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтілген. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жыл басынан бері мас жүргізушілердің кесірінен мыңға жуық адам қаза тауып, жарақат алған. Қоғамда қызу пікірталас тудыратын өзекті мәселелердің бірі – мас күйінде көлік жүргізу жайы. Президент бұл мәселеде жауапкершіліктің күшейтуді тапсырған. Ол заң бұзушыларды түрмеге отырғызып, айыппұл салып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру керек екенін айтты. Өкінішке қарай, жыл сайын мас күйінде көлік жүргізген 30 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Мас жүргізушілердің салдарынан болған апаттан биылғы жылдың өзінде 1000-нан астам азамат жарақат алды немесе қайтыс болды, — дейді Марат Ахметжанов.

    Енді мас күйінде осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаяды. Сонымен қатар, егер азамат өз куәлігінен айырылса да мас күйінде көліктің рөліне отырса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру да осы жерде қарастырылған.

     

    Мал ұрлағандарды 12 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.

    Мал ұрлайтындардың да жазасы осы заңда күшейтілген. Марат Ахметжановтың айтуынша, статистика бойынша ұрлық бойынша істердің көбісі татуласумен аяқталып жатады. Сондықтан, осы қылмыс түрімен күресті күшейтіп, жауаптылықты қатаңдату керек деп отыр. Енді осы қылмыста «теріс қылық» пен «орташа ауыр қылмыс» деген анықтама болмайды. Заң жобасы бойынша қомақты айыппұл мен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ірі мөлшерде адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жасалса, 7 жылға дейінгі жаза болады. Бірнеше рет бұзып кіргені үшін – 10 жыл. Аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып ұрлық жасаса, 12 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.

     

    «Педагог мәртебесі»

    «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы 21 баптан тұрады. Жалпы, заң жобасы төрт бағытты қамтиды.

    • Ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
    • Мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
    • Материалды емес стимул тетіктері;
    • Материалдық ыңталандыру.

    Заң жобасындағы негізгі ережелер:

    • 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, орта білім мекемелеріндегі педагогтардың нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөнінде норма бекітілді;

     

    • Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі үшін әр ай сайын мектеп ұстаздарына 10 АЕК (25,5 мың теңге) мөлшерінде үстеме ақы төлеу;

     

    • Сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін төленетін ақыны екі есеге арттыру;

     

    • Біліктілік санаты үшін мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жалақысын 30 дан 100% ға дейін қосымша ақы төлеп арттыру;

     

    • Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;

     

    • Халықаралық конкурсттар мен жарыстардың жеңімпаздарын, түрлі олимпиадалармен спорттық жарыстардың лауреаттарын даярлаған педагогтерге 3 лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төлеу;

     

    • «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапат тағайындай және иегерлеріне 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төлеу.

     

    • 42 күн демалатын педагогтердің демалыс уақытын 56 күнге ұзарту;

     

    1 қаңтардан бастап Қытай және Үндістан азаматтары Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз жүре алады.

    «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметінің «Иммигранттардың Қазақстан Республикасына келуінің, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің және Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен, Қазақстан Республикасына заңсыз келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларындағы халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай және Үндістан Республикаларының азаматтары үшін Қазақстан аумағына кіру үшін 72 сағат визасыз режим іске қосылады”, – деп хабарлады  ҚР СІМ баспасөз қызметі.

     

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап есірті сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылатын болады.

    Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңы арқылы есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 299-1-баптары) 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.

    «Есірткі затын сатудың жаңа тәсілдерін тауып, үйлер мен жатақханалардың қабырғасына ашықтан-ашық хабарлама іліп кететін наркодилерлердің әрекеті қоғамды алаңдатып отыр. Енді бұл әрекет заңмен жазаланады және ауыр қылмыс болып саналады», – деді Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

    Спикердің айтуынша, заңсыз айналым үшін жауапкершілікті көздейтін баптарда (ҚК 297-б.) және есірткі пайдалануға көндіргені үшін (ҚК 299-б.) «Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану» және «Қоғамдық орындарда» деген жаңа саралау белгілері енгізілді.

    «Бұдан былай интернет арқылы, түнгі клубта, дәмханада, парктегі есірткі айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал кәмелетке толмаған адамға осындай тәсілмен есірткі сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады», – деді М. Ахметжанов.

     

    қатысты посттар

    Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз – Тоқаев

    Фариза

    Сайлау күнгі оқиғаға байланысты спортшы Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

    Фариза

    «Ақ жол» партиясынан үміткер «Темірбетон-1» ЖШС ұжымымен кездесті

    Пікір қалдыру

    10 + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.