10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Назарбаев, Тоқаев, Путин және Медведев бейнеленген картина қаншаға сатылмақ?

    Ғаламтор бетінде Нұрсұлтан Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, Дмитрий Медведев бейнеленген картина сатылымға шықты. Ресейлік суретшінің қолынан шыққан, авторлық құқығы Қазақстан азаматыны тиесілі туынды 1 миллион теңгеге бағаланған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Nege.kz порталына сілтеме жасап.

    Картинаның астында қысқаша ақпарат берілген.

    “Қазақстан мен Ресейдің қазіргі және бұрынғы басшылары бейнеленген ерекше картина. Картинада әлем тарихындағы ең үлкен төрт оқиға, 1851, 1908, 2008 және 2019 жылдардағы оқиғалар көрсетілген. Картина авторлық құқықпен қорғалған және Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген. Сурет кенепке майлы бояумен багет түрінде салынған, қорғаныш лакпен өңделген. Кескіндеменің өлшемі 100 см, 80 см, кескіндеме туралы қысқаша ақпарат бар, ол сатып алғаннан кейін ұсынылады”, – делінген мәтінде.

    Басылым мәліметінше, туынды иесі, идея авторы қазақстандық дизайнер Әрсен Сексенбаев.

    Айта кетейік, 2019 жылы Әрсеннің эскизі NASA байқауында үздік деп танылып, отандық дизайнерге АҚШ-тан келісім шартқа отыруға ұсыныс түскен.

    Оның қобыз, домбыра сияқты ұлттық саз аспаптарын да жасайтын өнері бар.

    Автордың айтуынша, “Шахмат ойыны” деп аталатын бұл картина әлем тарихындағы төрт ұлы оқиғаны бейнелейді.

    Мәселен бірінде 1908 жылы Пролетариаттың жетекшісі Ленин алғаш рет көпшілік алдында революционер Богдановтан жеңілген екен.

    Шахмат тақтасындағы фигуралардың орналасуы 1851 жылы Лондонда өткен әйгілі гроссмейстер Лионель Кизерицкий мен неміс шахматшысы Андерсон ойынындағы сәтті бейнелейді. Осы ойында Кизерицкий әлемнің ең мықты гроссмейстері атағынан айрылып қалса керек. Әйгілі төрт ойынның белгілерін “бойына сіңірген” картинада да төрт тұлға бар. Бұл – шахмат ойыны мен саяси оқиғалардың ұқсастығынан хабар беретін секілді.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы әкімінің портреті аукционда 31 млн теңгеге сатылғаны жайлы хабар тарады. Бұған қатысты облыс әкімдік пікір білдіріп, портреттің 700 мың теңгеге сатылғанын айтты.

    қатысты посттар

    Біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    Қазақстанда 159 мың теңге жәрдемақыға үміткер бір ғана отбасы бар

    Фариза

    Депутат шенеуніктерге: Мәскеуге барсаңыз, қаншалықты артта қалғанымызды түсінесіз

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.