22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Мұхтар Шаханов: «… қышып, алаңға неге бардыңдар?» – Мейірхан Ақдәулетұлының Желтоқсанға қатысты шындығы

    Мұхаң кейін «Аралды толтыру тәсілімен» осы мәселеден де орасан зор саяси ұпай, бедел жиып алды. Мүмкіндік (саяси, әрине) туған соң «желтоқсаншылардың өліктерін іздеу» дейтін, халықты шынымен сүйсіндіретін іс тауып алды.

    Facebook желісінде екі аптаға жуық ақын, журналист Мейірхан Ақдәулетұлының «ПАЙҒАМБАРЫ КӨП ЕЛ?..» атты мақаласы көптеген оқырман арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Белгілі ақынның 2000 жылы 10 наурызда «Алтын Орда» газетіне шыққан бұл мақаласында ел зиялыларының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі ашық әрекеттері жазылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz.

    Мәселен, «Рас, өзім әлі күнге дейін іштей төбеме көтеріп жүретін бірер үлкендер (зиялылар) сол күні алаңға шықты. Бірері таяқ та жеді. Қудаланды да. Бірақ…

    Бірақ, біздің «өгіз бұзаулады!» десе сенуге бар (әсіресе, зиялылар һәм «сыйлы кісілер» айтса!) халықтың қаймағы сол күні сыр беріп алды. Мен үшін содан бері «Пайғамбар» (қазақы, әрине) жоқ…

    1987 жылдың ақпанында Бірғаным Әйтімованың (КазЛКСМ хатшысы) «звоногымен» Фариза апам басқаратын «Пионерден» «өз еркіммен» кетіп, еңбек стажым үзілмесін деген ғана қауіппен (заман бұлай боларын біліппіз бе?) «Жалынға» кіріп, бас редактор Мұхтар Шахановтан «аға, тым құрыса, корректор деп тіркеп қойшы» деп өтінгенімде, Мұхаң «позициясын» ашық айтқан: «К…терің қышып, алаңға неге бардыңдар?» деп.

    Мұхаң кейін «Аралды толтыру тәсілімен» осы мәселеден де орасан зор саяси ұпай, бедел жиып алды. Мүмкіндік (саяси, әрине) туған соң «желтоқсаншылардың өліктерін іздеу» дейтін, халықты шынымен сүйсіндіретін іс тауып алды…

    …Бас редакцияның («Лениншіл жас», «Пионер», «Білім және еңбек», «Ұлан», «Дружные ребята») біріккен партия ұйымы ашық жиналыста «жаппай тәртіпсіздікке қатысып, ұсталған» менің мәселем мен «желтоқсан оқиғасына партиялық көзқарас» туралы мәселені қарады…

    Сәл ғана ауыр үнсіздіктен соң… Тұманбай Молдағалиев, Мұзафар Әлімбаев, Ақселеу Сейдімбеков, Фариза апам, т.б. таңдаулылар (бас редакторлар мен беделді кісілер) сөз алды. Оларға «сөйле!» деген ешкім жоқ-ты.

    Тұманбай Молдағалиев: «Бұдан асқан оңбағандық жоқ! Біз (қазақ, әрине) масқара болдық, ұлтымыз (?) масқара болды! Оларды, мына бұзақылыққа қатысқан оңбағандарды атып тастаса да артық болмайды!» деді. Мұз-ағаң – Мұзафар Әлімбаев: «Бұл – біздің кінәміз. Біз оңбаған ұрпақ (?) тәрбиелеппіз. Жексұрындарды аямау керек!» – деді.

    Ирелеңдеңкіреп орнынан көтерілген Ақселеу ағам сәл ұстамдылау екен: «Біз бұл тәртіпсіздікті айыптаймыз. Жастар тәрбиесімен қажырлы түрде айналысу керек», – деді. Фариза апам да сөйтті. Менің көзіммен көріп, құлағыммен естіген сұмдықтарды мынадай сорлы, осы секілді бейшара, дәрменсіз ортада маңыратып отыруға дәтім жетпеді. Ызаға, жасқа булығып, сыртқа шығып кеттім» дейді өз мақаласында.

    Мақала астына жазылған пікірлер де аз емес. Мәселен, Көлбай Адырбекұлы есімді желі қолданушы: «Мейірхан, ашынып ащы шындықты айтыпсың. Осы бір Азаматтық ісің үшін саған желтоқсаншыларды шын жүректерімен құрмет тұтатындардың мың да бір алғысы бар. Шіркін, Желтоқсан көтерілісіне өзіңдей қарап, біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы демей, əділін айтатын ақын-жазушылар көп болса. Өкінішке қарай, олай болмай тұр.

    Əлі күнге Ұлт намысын қорғаған желтоқсаншы жастардан гөрі оларды билікке сатқан ақын-жазушыларды дəріптеп келеді. Желтоқсан көтерілісі өтті-кетті деп, оның мəні мен тарихи тағылымына селқос қарайды. Қысқасы, бүгінгі күннің ыңғайымен күн кешуде. Осыдан кейін Желтоқсан көтерілісінің қандай қадыр-қасиеті болсын?!.

    Ал Желтоқсан көтерілісінің саяси жағына баға беретін тарихшыларымыз, Мəмбет Қойгелдіден басқа, өздеріне қолайлы уақытты күтіп жатыр. Қорқақтық, жалтақтық-ай десеңші. Дегенмен, шындықты тартынбай айтатын өзің секілді аз ғана журналистердің барына шүкір» деп жазды.

    Ал Мүсіркеп Әлімжанов есімді оқырман: «Қазақтың бетке шығар кілегейлері əлі де түк өзгерген жоқ. Желтоқсан көтерілісі қазір қайталанса, тап осы жазбада айтылған жағдай қайыра қайталанатынына мен кепіл. Қазақтың Мекең атап, атамай кеткен «пайғамбарлары» бүгін де арамызда өріп жүр. Жіліктің майлы басы мен жайлы бөстек əлі соларда. Өздеріне міндеттелген рөлдерін асқан шеберлікпен ойнап жүр», – деген пікір білдірді.

    Сонымен қатар, қазір Мейірхан Ақдәулетұлының «Желтоқсан айнасы және ұлттық портрет», «Аршылдық синдромы: өтірікші ұлт боламыз ба?» атты мақалалары да қызу талқылануда.

    қатысты посттар

    “200-ге жуық адамды басқа облыстарға апарып тастадық…” – Министрлік

    “Мен алдандым…” – Ринат Заитов (видео)

    “Маңдай терін төгіп жұмыс істегісі келмейді” Президент жастарды сынға алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.