9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Украина Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына қатты алаңдаулы

    Украина Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына қатты алаңдап отыр. 4 желтоқсанда Украинаның сыртқы істер министрлігінің спикері Екатерина Зеленко жариялаған мәлімдемеде осылай деп жазылған. Бұл эайлы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    “Украина Қазақстанды әрдайым әріптес әрі дос санаған. Қазақстан президентінің ЕҚЫҰ-ның министрлер жиыны қарсаңында солай деп айтқаны өте өкінішті, себебі бұл ұйымға екі мемлекет те мүше және Хельсинки қорытынды актісіне сәйкес, оның негізгі принциптерінің бірі – өзге мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу. Қазақстан жағына демарш жасалады” деді ол.

    MFA of Ukraine ??

    @MFA_Ukraine

    “Глибоко стурбовані повідомленнями ЗМІ про висловлювання Президента Республіки Казахстан Касим-Жомарта Токаєва щодо заперечення анексії українського Криму Росією”,

    @KaterynaZelenko

    ? https://bit.ly/38azcWj 

    View image on Twitter
    36 people are talking about this

    Жақында Тоқаев DW тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Қырымдағы жағдайды аннексия (2014 жылы Ресей Украинаның Қырым аймағында референдум өткізіп, түбекті аннексиялап алған – ред.) деп атамайтынын жеткізген еді.

    – Болған іс болды. Аннексия – Қырымға қатысты қолдануға тым ауыр сөз. Қырымда болған жағдайға қатысты бізде ешқандай қорқыныш болған жоқ. Себебі біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы, – деді Тоқаев.

    Dialog.ua сайтының жазуынша, Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанын сынаған Украинаның кейбір тұрғындары Қазақстан президентін “Украинаның территориялық тұтастығын құрметтемей, достық жайлы келісімді және халықаралық-құқықтық нормаларды бұзды” деп айыптаған. Ал Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттігі РИА Новости хабарлауынша, Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Наталья Поклонская Тоқаевтың айтқанын “батылдық” деп бағалаған.

    2014 жылы көктемде Ресей Украина құрамындағы Қырым түбегін аннексиялап алған еді. Наурыздың 16-сында Ресей Қырымда “референдум” өткізіп, түбекті өз аумағына қосқан. Халықаралық құқық нормаларына сай келмеген бұл шешімді Украина да, әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі де құптамай, айыптаған.

    Қазақстан ресми түрде Қырымды Ресей аумағының бөлігі деп таныған жоқ, бірақ бұл мәселе халықаралық деңгейде талқыланғанда көбіне Ресейді қолдап шықты.

    2014 жылы көктемде БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен қабылдағанда Қазақстан қалыс қалды.

    2016 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында Украина ұсынған Қырымға қатысты қарарға Астана қарсы дауыс берді, бірақ “дауысымыз Қырым мәртебесіне байланысты ұстанымымызды білдірмейді” деді. Ақорда осылайша бірде қалыс қалу, бірде Ресейді қолдау саясатын әлі жалғастырып келеді.

    қатысты посттар

    Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы күрт нашарлады

    Фариза

    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс береміз деп сенеміз – Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    “Мен қытайлықпын…” – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Пікір қалдыру

    3 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.