20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Назарбаев орталығы БҰҰ Өркениеттер Альянсымен әріптестікке қол жеткізді

    БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғарғы Өкілі Miguel Angel Moratinos пен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Төрағасы А.Әбибуллаев негізгі құжат – серіктестік туралы Келісімге қол қойды. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
    Бұл Н.Назарбаев орталығының жоғарғы әлемдік деңгейдегі ең алғашқы құжаты.
    Келісім Қазақстан мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің дінаралық диалог, ғаламшарда бейбітшілік пен үйлесімді алға жылжытудағы жаһандық үлесін дәлелдейді. Құжат Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің, БҰҰ-ның діни жерлерді қорғау жөніндегі Іс-қимылдар жоспарының мақсаттары мен міндеттерін ортақ негізде жүзеге асыруға, әр түрлі мәдениеттер өкілдері арасында диалогты дамытуға және ортақ жобалар мен іс-шараларды өткізуге бағытталған.
    Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және БҰҰ Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігіне халықаралық жаһандық дәрежедегі алғашқы ресми құжатқа қол қоюға септігін тигізгендігі үшін алғыс білдіреді.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Арал ауданында екі балық цехы ашылды

    Фариза

    Қазалы ауданында электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды

    Фариза

    Нұр-Сұлтан қаласындағы брифингте Гүлшара Әбдіқалықова облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.