11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Оқушы қыз 45 минут бойы зорланған болуы мүмкін: Мектеп әжетханасында болған зорлық ісі туралы

    Таразда мектептердің бірінде оқушы қыз зорланды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

    Таразда мектеп әжетханасына 12 жастағы қыз зорланды. Осы оқиғадан соң білім ошағының педагогтары шетінен қызметінен босатылып жатыр. Мектеп директорының орынбасары, бір мұғалім және вахтер жұмысынан шеттетілгені белгілі.

    Жантүршігерлік оқиға жұма күні қаладағы №6 мектепте болды. Белгілі болғандай, сексуалды зорлық болған әжетхана нысанның сыртында орналасқан екен. Дүрліккен ата-аналар мектептің ішіндегі әжетхана үнемі жабық тұрады деп шу шығаруда. Мектептің сол қапталында ішке енетін есік бар екен. Педофил сол есіктен кірген болуы мүмкін.

    «38 жастағы күдікті оқушы қыз әжетханадан шыққанда тап беріп, жәбір көрсетіпті. Жұрттың сөзінше, ғимарат ішіндегі дәретхана ұдайы жабық болғандықтан, 7-ші сынып оқушысы сырттағы дәретханаға амалсыз шыққан», – дейді телеарна тілшісі.

    «Осы жағдайды біз үнемі талқылайтынбыз. Әжетханадан қорқатынбыз. Осындай жағдай болады деп қорықтық. Іштегі әжетханаға оқушыларды жібермейді»,- Елмира Асылова, Тараз қаласының тұрғыны.

    Қыз бала география сабағы кезінде сұранып шыққан. Алайда мұғалім 45 минут бойы оны іздемепті. Ал әбден азапталған оқушы өзі келіп, жағдайды сынып жетекшісіне айтып береді. Тек содан кейін дабыл қағылған. Мектепте жалпы саны 20 камера жұмыс істеп тұр. Алайда оны бақылап отыруы тиіс вахтер де, инспектор да жұмыс орнында болмаған. Енді өз ісіне немқұрайлы қарағаны үшін мектеп директорының орынбасарынан бастап жұмыстан шығарылып жатыр.

    «Жұмыс істеп тұрған камераларға ешкім назар аудармаған. Сол адам мектеп аумағына кіріп, бір сағаттай жүрген. Ол камерадан көрініп тұр. Соны көре тұра, оған ешкім назар аудармаған», – Рахия Тұрмағамбетова.

    Қаланы дүрліктірген күдікті қолға түсті. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 38 жастағы күдікті бұған дейін ұрлық жасап істі болған. Қазір ол қамауда. Айта кетейік, мектеп инспекторының да салғыртығы үшін басшысына дейін жауапқа тартылады.

    «Мектеп инспекторына өте қатаң шара қолданылады. Полиция департаменті оның кінәсін жоққа шығармайды. Кіінәсі бар. Өте өрескел қателіктер жіберген», – Бауыржан Өтегенов, Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары.

    Ал жәбір көрген оқушы үйіне оралды. Мектепке келу ниеті бар. Алайда әлеуметтік желіде оған бәзбіреулер тіл тигізіп, психологиялық соққы жасаған. Осы жағдайдан шошынып қалған ата-аналар білім ошағындағы қауіпсіздіктің күшейтілуін қалайды. Тіпті өңірдегі барлық мектептерге «арнайы күзет бөлінсін» дейді.

    қатысты посттар

    Әйеліңізді бақытты ету үшін 35 кеңес

    “Сарай сауысқаны болып отырып сайрау оңай…” – Айгүл Орынбек Тазабековке шүйлікті

    “Анам мені босана сала жетімдер үйіне қалдырып кеткен”: Отандық кәсіпкер балалық шағынан алған сабақтары туралы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.