22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    “Мен бір жерде ғана өтірік айтамын…” – уағызшы Абдуғаппар Сманов өзін қаралайтындарға жауап берді

    Имам Әбдіғаппар Сманов желіде өзіне қарша бораған сындарға жауап беріп, өзінің қандай жағдайда өтірік сөйлейтінін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kzсайтының дерегіне сүйеніп.

    Бұл туралы ол Асыл арна тележүргізушісі Ерлан Әбдірұлына берген сұқбатында айтты.

    – Имамдардың уағызына неге адамдар күмәнмен қарап, сынап-мінеп жатады?

    – Біріншіден, діни өмірге біздегі адамдар іштей дайын емес. Уағыз-насихатты да дұрыс түсінбейді. Жеңіл әзіл-күлкі, әншілерді теледидардан көріп, жайраңдап қалған халықпыз. Өмірді тек күлкімен ғана өткізсем деген түсінік көп елде. Ал имамдар о дүние туралы көп айтады, тозақ-жұмақ жайын қозғайды. Желідегілердің жазбасынан байқағаным: “Бұлар бізді тозақпен қорқыта береді” деп жиі айыптайды. Бұл уағызшылардың өз ойынан шығарып алған сөзі емес. Бұл – Құрандағы адамзат баласын тәрбиелеу жолы. Онда басында Жәнат туралы айтылады да одан соң Тозақ туралы айтылады. Немесе, керісінше, Тозақ туралы айтып келеді де Жәнатты сөз қылады. Бұл адамзат осыменен өмір сүретін болса, ол үлкен күнәға бармайтыны айтылады онда. Үлкен күнәға барып қойған адамдар Жұмақ-Тозақ жайында біз естімеген, білмеген едік деп бармағын шайнап қалатынын көргенбіз, – дейді ол.

    Сондай-ақ, имамның пікірінше, оларды топас қылып көрсетуге мүдделі бір адамдар бар көрінеді.

    – Одан соң уағызшылардың қаралауға ұшырауының себебі бұл қоғамда Ақиқатты айтатын адамды жек көретіндей көрсету программасы бар. Ақиқатты айтқан адамның бір кемшілігін тауып, соны көрсету деген нәрсе. Ал мұсылманшылыққа келетін болсақ, сол саллалаху алей ассаламның уағызы басталғаннан бастап Шайтанның әрекеті қоса келген. Уағызшыларды түбінде бәрібір жаман, топас қылып көрсету саясаты шайтани саясат болып келген. Бұл қияметке шейін жалғасатын саясат, негізі. Әрине, адамдардың барлығына бірдей топырақ шашпаймыз. Көпшілік адам түсінеді, көреді, біледі, – дейді ол.

    Әбдіғаппар Сманов уағызы кезінде неге эмоцияға көп беріліп кететінін былайша түсіндірді:

    – …Мысалы, мені көп адам қатты айтасыз деп айыптайды. Телефонмен сөйлессек, ұзаққа үндемей тұрып қалады, артынан “Сізбен сөйлесуге болады екен ғой” деп жатады. Ал үйіме шақырсам, кейбір адам таң қалады. Айтайын дегенім, уағызға қарап адамның бүкіл болмысы мен мінезіне баға беруге болмайды. Иә, ашынған кездер болады, сөз өздігінен келіп жатады, кейбірі жәй сөзге жөнге келмей жатқанын байқайсыз. Ұрсып айтасың, содан соң. Мысалы, қазір қоғамда не болмай жатыр, жанын түршігеді. Енді сондай кезде оны ыржиып немесе сабырлы күйде отырып, айта алмаймын ғой. Арақ ішпе деп жәй айту мүмкін бе? Жетер жеріне жеткізу үшін жан-тәніңмен беріліп айтасың. Ал адамдар соған қарап мынау айғайлай береді екен деп ойлап қалады.

    Бастысы, бұл өз-өзін жарнамалау немесе өзін көрсету емес, бұл – іштен шыққан шын сөз, шын болмыс, шын әрекет. Әрине, ол үшін кешірім сұраймын кейбір адамдардан. Тым батырып жіберетін кезім болатын шығар. Мен уағызды айту үшін алдын ала дайындалмаймын, кумир болу үшін істемеймін оны, іштегі жатқан нәрсені сол арада лақ еткіземін, болды.

    Ол сұқбат кезінде өзінің тек бір жағдайда өтірік айтатынын мойындады.

    – Мен бір жерде ғана өтірік айтамын. Анама сырымды айтпаймын. Өйткені ол баласын қатты уайымдайды анасы ретінде. Мысалы, мен Алматыда болып, ол кісі телефоныма хабарласса, мен Шымкенттемін деп айтамын. Сол секілді алыста келе жатсам да жақындап қалдым деп өтірік айтамын. Ондағы мақсатым – кәрі анамды уайымға салмау, миын тыныш ұстау. Ал басқа уақытта өтірік айтпаймын, – дейді ол.

    Сондай-ақ имамның әнші Айдар Тұрғанбековпен туыстық байланысы бар болып шықты. Оған әншінің суретін көрсетіп, “бұл баланы танисыз ба” деп тілші сұрады.

    – Ол Өсерде балық аулап өскен бала. Мен бұл баланы бір күні көріп қалдым да шақырып алдым қасыма. 12-14 жас аралығында болуы керек. Содан: “Біздің үйде тура сенен айнымайтын қыз бар” дедім. “Қалай” деп сенбеді. Содан үйге ертіп келдім. Батогөз деген қыз бар еді үйде, соны шақырдым. Айнымайды. Қарап тұрып қалды екеуі бір-біріне. Сұрастыра келе, екеуі туысқан болып шықты. Шешесі бөлек, әкелері бір. Екеуі де маған жиен болады. Өте иманды жігіт. Әкесі жағын білмеймін, ал шешесі Анар деген әпкеміз Маракан ишанның немересі. Айдарға да Құран оқу қабілеті осы Маракан ишаннан дарыған. Маракан ишанның қалы бар онда, – дейді Сманов.

    қатысты посттар

    Белгілі себеппен ораза ұстай алмаған адамдар фидия садақасын төлеу керек

    Фариза

    “Малға беретін бір табақ кебекті тамақ қылдық” Аяғы ауры кезінде Сирияға кеткен әйел сұмдық оқиғалармен бөлісті

    Фариза

    ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ФАШИЗМ МЕН НАЦИЗМДІ ЖОЮДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҮНДЕУІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.