14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Шымкент әкімдігі Ғабидолла Әбдірахымовтың тұсындағы олқылықтарды атады

    Шымкент қаласын Ғабидолла Әбдірахымов басқарған тұста шаһар бюджеті тиімсіз жұмсалған. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Ербол Әбілхайырұлы тамыз айында жаңа қызметіне кіріскен күннен бастап қала бюджетіне талдау жүргізіпті. Талдау нәтижесінде көптеген келеңсіздіктерге тап болғанын айтады.

    Мәселен Шымкенттегі кейбір елді мекендерге ауызсу жүйесі тартылған. Алайда, тіршілік нәрін сол елді мекенге жеткізу үшін қаржы қарастырылмаған.

    «Таңғалатын мәселе, Достық шағын ауданындағы Сыпырған ата көшесі арқылы өтетін магистральды су құбырын аяқтауға 300 миллион теңге беріп жатырмыз. Осы су құбырының аяқталуын тосып отырған 100 мыңнан астам халық бар. Соған 2 жылдан бері қаржы бөлінбеген. Егер бұл жоба сәтті аяқталатын болса, Темірлан тас жолы бойындағы ел мекендер мен Самал-2, Самал-3 шағын ауданы тұрғындарын да ауызсумен қамтуға болады», – дейді Ербол Садыр.

    Сондай-ақ жол құрылысына бөлінген қаражат да тиімді жұмсалмаған. Ербол Садырдың айтуынша, қолда бар қаржыға жекелеген көшелерді салып бітірмей жатып, ақшаны қаланың басқа көшелерінің құрылысына үлестіріп жіберген. Салдарынан ол көшелердің құрылысы әлі күнге дейін аяқталмай, қалған жұмыстар келер жылдың еншісіне қалған. Мұндай олқылықтар тұрғын үй құрылысында да кездеседі екен.

    «Қаржы еш уақытта жеткен емес және жетпейді де. Мәселе қаржыны тиімді жұмсауда. Үкіметтен тұрғын үй салу үшін 2 жылға несие береді. Ол сұрауы бар қаржы, сол себепті тиімді пайдалану керек. Ал бізде бұл ақшаға не істелген? Мен сіздерге айтайын, Үкімет берген 20 млрд теңге қаржыға бірден 40 үй салып бастаған. Қазір сол 40 үйдің 11-і ғана пайдалануға беріліп отыр. Алда тағы бесеуі беріледі. Алайда, 20 миллиард теңгеге қазір 40 үйдің 30-ын пайдалануға беруге болар еді», – дейді ол.

    Қазіргі Шымкент басшылығы қаладағы әлеуметтік мәселелерді маңыздылығына қарай бірінші, екінші, үшінші кезекте шешілуі тиіс деп кезеңдерге бөліп отыр. Сол себепті, қазынадағы қаржы бірінші кезекте халықтың мұқтажына қарай туындаған мәселелерді шешуден басталмақ. Осыған байланысты, жергілікті билік сақалды құрылыстарға бөлінетін қалған қаржыны қала қазынасына қайтарып, оны қысқа уақытта шешілетін өзекті жобаларға жұмсап жатыр екен.

    «Бюджеттің негізгі принципі – ол түпкі нәтижесі. Яғни, біз жұмсаған қаржы арқылы қысқа мерзімнің өзінде түпкі нәтижеге қол жетуіміз керек. Пайдасын халық көру керек», – деді Ербол Садыр.

    қатысты посттар

    Коронавирустың екінші толқыны болмайды – Конеев

    Фариза

    Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын коронавирустың таралуына байланысты жауып тастады

    Фариза

    “Мен енді үнсіз отыра алмаймын”. Атамбаевтың қызы үндеу жасады (видео)

    Пікір қалдыру

    15 − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.